• 25 апреля, 2024 6:28 дп

Президент: Елге іріткі салып, қоғамдық тәртіпті бұзуға шақырған адамдар қатаң жазаланады

Автор:admin

Мар 13, 2023

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс сайлауынан кейін бірқатар тың бастамаларды жария ететінін жеткізді.

Қазақстанда елге іріткі салып, қоғамдық тәртіпті бұзуға шақырған адамдар қатаң жазаланады. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министрдің, мемлекеттік органдар басшыларының, облыстар мен Астана, Алматы, Шымкент қалалары әкімдерінің қатысуымен өткізген кеңесінде айтты.

«Біз тұрақсыздыққа апаратын әрекеттерге жол бермейміз. Мұндай заңсыз әрекеттердің алдын алу қажет. Елге іріткі салып, қоғамдық тәртіпті бұзуға шақырған адамдар қатаң жазаланады. Арандатуға қарсы күрес заң аясында, жедел әрі жүйелі түрде жүргізілуі керек. Тиісті заңдарымыз бар, оларды қатаң сақтауымыз керек. Әйтпесе әрекетсіздіктің салдары еліміз үшін өте қауіпті болуы мүмкін», – деді президент.

 

Мемлекет басшысы елге, ең алдымен, заң үстемдігі аса қажет екенін баса айтты.

«Заң сақталса және азаматтық жауапкершілік жоғары болса, қоғамда тәртіп болады. Тұрақтылық бар жерде ғана даму, өркендеу болады. Ел бірлігі – реформаларды табысты жүзеге асырудың басты кепілі. Сондықтан ырысты ынтымақпен білек сыбана жұмыс істеуіміз қажет. Мемлекетті жан-жақты жаңғыртуға қатысты жұмыс болашақта жалғасын табады», – деді мемлекет басшысы.

Бұл ретте Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс сайлауынан кейін бірқатар тың бастамаларды жария ететінін жеткізді.

Автор: admin