• 20 апреля, 2024 12:01 дп

Педагогтерді аттестаттауда қандай өзгерістер болады?

Автор:admin

Май 12, 2023
Педагогтерді аттестаттау рәсімін жетілдіру іс-шаралары қабылданады. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың жауабында айтылған, деп хабарлайды “Jsk.kz”ақпараттық агенттігі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін педагогтерді аттестаттаудан өткізу рәсімін жетілдіру жөнінде іс-шаралар қабылданатын болады. Осы мақсатта педагогикалық қоғам өкілдері мен сарапшылар қатарынан жұмыс тобы құрылды», — деп атап өтеді Премьер-Министр жауабында.

Оның айтуынша, жұмыс нәтижелері бойынша нормативтік-құқықтық актілерге тиісті өзгерістер енгізілетін болады.

«Бұл ретте, аттестаттау процесінің шынайылығын, ашықтығын қамтамасыз ету үшін педагогтердің портфолиосын қарау әртүрлі ақпараттық жүйелерден деректер автоматты түрде қалыптастырылатын бірыңғай электрондық платформада жүзеге асырылатын болады. Аттестаттаудың әрбір келесі кезеңіне жіберу де автоматты түрде жүзеге асырылатын», — деді Әлихан Смайылов.

Автор: admin