• 14 января, 2026 6:34 пп

ОРДАБАСЫ: ӨНІМДІЛІКТІ АРТТЫРУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛЫ

Автор:admin

Ноя 23, 2025

Ауыл шаруашылығы – Ордабасы ауданы экономикасының тірегі, халық тұрмысының жақсаруына тікелей әсер ететін негізгі салалардың бірі. Соңғы жылдары еліміздің аграрлық саясаты ең алдымен тиімді су пайдалану, жаңа технологияларды енгізу және өнімділікті арттыру бағытында дамып келеді. Осы мақсатта аудан аумағында да бірқатар озық жобалар жүзеге асырылып жатыр. Соның ішінде тамшылатып суару жүйесін енгізу жұмыстары – аграрлық саладағы үлкен серпілістердің бірі.

62 гектар аумаққа жаңа технология – ауыл үшін маңызды қадам. Ордабасы ауданына қарасты Жеңіс ауыл округінде жалпы 12 гектар жерге (бақша, көкөніс дақылдары) тамшылатып суару жүйесі орнатылып жатыр. Бұл – жердің құнарын сақтап, өнім сапасын жақсартуға бағытталған тиімді еңбек.

Сонымен қатар Төрткүл ауылында 50 гектар аумақта (мақта және жүгері дақылдары) тамшылатып суару жүйесінің қолданылуы нәтижелі тәжірибенің кеңейіп келе жатқанын көрсетеді. Екі ауылдың көрсеткіштерін біріктіргенде, аудан бойынша тамшылатып суарылатын алқап көлемі 62 гектарды құрайды.

Бұл – Ордабасы ауданының ауыл шаруашылығында жаңа технологияларды белсенді енгізіп жатқанын айғақтайтын елеулі көрсеткіш.

Тамшылатып суару – су ресурстарын қорғаудың заманауи шешімі. Су тапшылығы байқалған қазіргі кезеңде су ресурстарын дұрыс әрі үнемді пайдалану – ауыл шаруашылығында аса маңызды мәселе. Тамшылатып суару технологиясы осы мәселенің тиімді шешімі болып табылады.

Бұл жүйенің негізгі артықшылықтары: Су үнемдейді. Тамшылатып суару дәстүрлі суару әдістеріне қарағанда суды бірнеше есеге аз жұмсайды. Су дәл өсімдік түбіне беріледі, булануға немесе сыртқа қарай жайылып кетуге жол берілмейді.

Өсімдік қажетті мөлшерде су мен тыңайтқышты уақытылы алады. Бұл дақылдардың өсуіне жағдай жасап, гектар берекесін айтарлықтай арттырады.

Экологиялық таза әдіс. Су топыраққа біркелкі сіңеді, артық су болмайды, бұл топырақтың құрылымын сақтауға және эрозияны болдырмауға көмектеседі.

Өнім сапасын жақсартады. Дақылдар стресссіз өседі, қажетті ылғал әрдайым жеткізіліп отырады. Бұл олардың көлемін, пісу мерзімін, жалпы сапасын жақсартады.

Ауыл экономикасын нығайтады. Өнім көлемінің артуы – шаруашылықтың табысының көбеюіне, ауылдағы жұмыс орындарының сақталуына және экономикалық көрсеткіштердің жақсаруына әсер етеді.

Заманауи технология – тұрақты дамудың кепілі. Тамшылатып суару жүйесінің енгізілуі – ауданның аграрлық әлеуетін көтеру бағытындағы маңызды қадам. Су ресурстарын үнемді пайдалану арқылы аудандағы ауыл шаруашылығы одан әрі тиімді, тұрақты әрі заманауи бағытта дамиды.

Сонымен қатар, бұл әдісті кеңейту алдағы жылдары өнім көлемін арттыруға ғана емес, жергілікті шаруалардың шығындарын азайтуға, еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Ордабасы ауданындағы тамшылатып суару әдісінің 62 гектар жерге енгізілуі – ауыл шаруашылығын жаңғыртудың, экологияны сақтаудың және өнімділікті арттырудың жарқын үлгісі. Бұл – уақыт талабы және болашаққа жасалған тиімді қадам.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin