• 23 февраля, 2026 11:38 пп

ОРДАБАСЫ: КЕРІ БАЙЛАНЫС ЕРЕКШЕ МІНДЕТ

Автор:admin

Ноя 18, 2025

Халық үніне құлақ асатын мемлекет қағидаты – елдегі барлық деңгейдегі мемлекеттік басқарудың басты бағыттарының бірі. Бұл тұжырымдама тұрғындардың мәселесіне дер кезінде назар аударып, олардың өтініш-тілектеріне шынайы жауап беру арқылы халық пен билік арасындағы ашық диалогты нығайтуды көздейді. Мемлекет басшысы атап өткендей, әрбір азаматтың ойын тыңдау, проблема қай жерде туындаса, сол жерде шешу – қоғамның дамуы мен әл-ауқатын арттырудағы негізгі талап.

Осыған сәйкес Ордабасы ауданында да халықпен кері байланыс жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Соның айғағы ретінде бүгін аудан әкімі Азат Оралбаев Бадам ауылына барып, тұрғындар талап еткен мәселелердің орындалу барысын тексерді. Жол жөндеу, көше жарығын орнату, ауыз суға қосылмай қалған азаматтардың шағымын шешу бағытындағы жұмыстардың барысы пысықталып, орындалуы қатаң бақылауға алынды.

Халықпен тиімді кері байланыс орнату мәселесі ерекше басымдық берілген міндеттердің бірі.

Осы орайда бүгін аудан әкімі Азат Оралбаев тұрғындардың талап-тілегі бойынша атқарылып жатқан шаралардың барысын пысықтау мақсатында Бадам ауылына барды. Атап айтсақ, Бадам ауылындағы жаңа бой көтерген Орда мөлтекауданында ауыл азаматтары жол мәселесін көтерген болатын. Осы ретте ауыл көшелеріне тас төселуде. Одан бөлек 1,5 шақырым тасжол салынып, 1 шақырым көшені жарықтандыру орнату жоспарлануда.

Сонымен қатар Бадам ауылында ауыз сумен қамту барысында қалыс қалған азаматтардың шағымы негізінде жүргізіліп жатқан тұрғындарға таза су жеткізу жұмыстары қадағаланды.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin