• 9 мая, 2025 3:22 пп

НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰОС АРДАГЕРІНІҢ ОТБАСЫНА АРНАЙЫ БАРЫП ҚҰТТЫҚТАДЫ

Автор:admin

Май 9, 2025

✔️Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Ордабасы ауданында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Қалмен Мұратовтың шаңырағына арнайы барып, мерекемен құттықтады. Сонымен қатар ҚР Президенті  Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдаған құттықтау хаты мен «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» бірыңғай мерекелік медалін табыстады.

✔️101 жастағы соғыс майдангерімен әңгімелесу барысында әкім бейбіт өмір үшін ұрпақтың бақытты болашағы үшін отқа түсіп, қайғы-қасірет шеккен, соның бәрін қайыспай жеңе білген ардагерлердің жанкешті ерлігі мен еңбегі ешқашан ұмытылмайтынын атап өтті. Ардагерге ұзақ ғұмыр тілеп, сый-сыяпат жасады.

✔️1924 жылы дүниеге келген Қалмен Мұратов 1942 жылы 1 тамызда әскер қатарына шақырылып, Калинин облысындағы шайқастарға, Беларусь майданының құрамында шайқастарға қатысқан. «Құрмет белгісі», «І дәрежелі Отан соғысы» ордендерімен, «1941-1945 жылдардағы ҰОС Германияны жеңгені үшін», «Еңбек ардагері» және де басқа да көптеген мерейтойлық мадельдармен марапатталған.

✔️1947 жылы Бөржар ауылында «Сталин» колхозының бригадирі болып, 1973 жылдан бастап теміржолда жұмыс істеді. Ол «Коммунистік еңбектің екпіндісі», «Оныншы бесжылдықтың соққысы», «Социалистік жарыстың жеңімпазы» болды. Қазіргі таңда  6 ұл мен 2 қыздан 31 немере мен 34 шөбере  көріп отырған бақытты ардагер.

✔️Түркістан облысында Жеңістің 80 жылдығына орай ҰОС ардагерлеріне 5 млн. теңге көлемінде біржолғы қаржылай көмек көрсетілді. Сонымен қатар тыл еңбеккерлері және жеңіске үлес қосқан басқа санаттардағы азаматтарға 50-100 мың теңге аралығында берілді. Жалпы Түркістан облысында Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестірілген 3 017 адамға біржолғы ақшалай әлеуметтік көмек көрсету үшін аудан-қала бюджеті есебінен қаржы қаралған.

✔️Өңірден Ұлы Отан соғысына 140 мыңнан астам азамат аттанды. Бүгінгі таңда облыс көлемінде 8 ҰОС ардагері бар. Оларға тек мереке қарсаңында ғана емес, жыл көлемінде түрлі көмек көрсетіліп, бірқатар жеңілдіктер қарастырылған.

✔️Айта кетерлігі, Түркістан облысы бойынша Ұлы Отан соғысың ардагерлері мен Жеңіске қосқан елеулі үлесі бар 3008 азаматқа «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерейтойлық медальдар табысталса, 8 соғыс ардагеріне Мемлекет басшысының атынан арнайы құттықтау адресаты тапсырылып, ҰОС ардагерлері мен олардың отбасы мүшелерімен жеке кездесулер өткізілетін болады.

Автор: admin