• 23 февраля, 2026 10:08 пп

“НАШАҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ” ТАҚЫРЫБЫНДА ТҮСІНДІРУ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

Автор:admin

Ноя 18, 2025

Ордабасы ауданы бойынша жалпы білім беретін мектептерде “Заң мен тәртіп” қағидатын қалыптастыру және оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында түрлі бағыттағы түсіндіру шаралары жүйелі түрде ұйымдастырылып келеді. Соның бірі – Бадам ауыл округіндегі “С.Сейфуллин” атындағы жалпы орта мектепте өткен “Бұзушылыққа тоқтам” және “Нашақорлыққа жол жоқ” тақырыбындағы кеңейтілген кездесу болды. Шараға мектеп оқушылары, ата-аналар және сала мамандары қатысты.

Кездесудің басты мақсаты – жасөспірімдер мен ата-аналарға нашақорлықтың зияны, оның жеке тұлғаға, отбасына және қоғамға тигізетін кері әсерін жан-жақты түсіндіру, сонымен бірге жастарды салауатты өмір салтына ынталандыру.

Кездесу аясында бірнеше негізгі бағыт қамтылды.

Жасөспірімдер мен ата-аналарды нашақорлықтың қауіптілігі жөнінде ақпараттандыру;

Нашақорлықтың алдын алу және салауатты өмір салтының маңызын түсіндіру;

Балаларды психоактивті заттардан алшақ болуға шақыру, дұрыс таңдау жасауға бағыт беру.

Міндеттері:

  1. Нашақорлықтың денсаулыққа, психологияға, оқу үлгеріміне және болашаққа тигізетін зиянды әсерлерін нақты деректермен түсіндіру.
  2. Оқушыларға жауапкершілік, өмірлік құндылықтар, қауіпсіздік және өзін-өзі сақтау дағдылары жөнінде кеңес беру.
  3. Ата-аналарға бала тәрбиесіндегі бақылаудың, қолдаудың және сенімді қарым-қатынастың ерекше маңызын жеткізу.

Кездесу барысында қатысушылар алдында Ордабасы аудандық прокуратурасының прокуроры Төлеметов Шыңғыс Қыдыралыұлы, Ордабасы аудандық білім бөлімінің әдіскері Алимкулов Нуртас Курманович, сондай-ақ Ордабасы аудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі аға инспекторы Көпбосын Ақтөре Садықұлы сөз сөйледі. Мамандар нашақорлықтың алдын алу бағытында жүргізіліп жатқан іс-шараларды таныстырып, есірткінің зардабы туралы нақты мысалдар келтірді.

Сонымен бірге оқушылар мен ата-аналар арасындағы сенімді қарым-қатынасты арттыру, баланың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік тәртібі және қауіпті орталардан аулақ болу жөнінде кеңестер берілді. Кездесу еркін пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар көкейіндегі сұрақтарына толыққанды жауап алды.

Мамандар жасөспірімдер арасында нашақорлықтың алдын алу тек мектептің немесе құқық қорғау органдарының ғана емес, әрбір ата-ананың, қоғамның ортақ міндеті екенін атап өтті. Баланың тәрбиесі мен болашағын қалыптастыруда отбасының рөлі бірінші орында тұратыны ерекше айтылды.

Салауатты ұрпақ – жарқын болашақтың кепілі!

Өзіміздің, ұрпағымыздың және қоғамның қауіпсіздігі үшін әрқайсымыз белсенділік танытып, зиянды әрекеттерден сақтандыруда бірлесе жұмыс жасауымыз қажет.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin