• 23 февраля, 2026 6:37 пп

НАШАҚОРЛЫҚТАН АУЛАҚ БОЛ

Автор:admin

Ноя 17, 2025

Ордабасы ауданы, Шұбар ауыл округіндегі №18 колледжде жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында “Нашақорлық – қоғам дерті” тақырыбында волейболдан достық ойын өтті. Іс-шара жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыруға, зиянды әдеттердің алдын алуға және бірлік пен ұйымшылдықты нығайтуға бағытталды.

Шара барысында колледж басшылығы мен ұстаздар қауымы студенттерге нашақорлықтың адам денсаулығына, болашағына тигізетін кері әсерлерін түсіндіріп, есірткісіз жарқын өмірдің маңыздылығын атап өтті. Іс-шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай спорттық ойындар жастардың бос уақытын тиімді өткізуге және пайдалы орта қалыптастыруға үлкен ықпал етеді.

Волейбол ойынына бірнеше топтың студенттері қатысып, әр команда өзара шеберлік, ұйымшылдық және жеңіске деген жігерін көрсетті. Қатысушылар алаңда тек жеңіс үшін ғана емес, денсаулық пен спорттың құндылығын насихаттау үшін бақ сынасты. Достық ойын тартысты өткен матчтармен, спорттық рух пен студенттердің белсенділігін арттырған әсерлі сәттермен есте қалды.

Жарыс соңында жеңімпаз командалар марапатталып, барлық қатысушыларға белсенділік танытқандары үшін алғыс білдірілді. №18 колледж ұжымы мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасатынын, жастардың денсаулығы мен тәрбиесі — басты назарда болатынын жеткізді.

Салауатты өмір салтын ұстану — әр жастың өз болашағына жасаған ең үлкен қадамы.

“Нашақорлықтан алшақ жүріп, спортпен шұғылданған қоғам — мықты қоғам!”

 

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin