• 28 апреля, 2024 4:38 дп

Наурызнама онкүндігінің жоспары туралы баяндалды

Автор:admin

Мар 14, 2024

Шымкент қаласы Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Бауыржан Орынтаев Өңірлік Коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында 14 – 23 наурыз аралығында Наурызнама онкүндігінің жоспары туралы баяндады.

Президент Әкімшілігінен елдік тұрғыда жаңару мен жаңа құндылықтарды қалыптастыру аясында Наурызды бірлік, бауырластық пен ынтымақ мерекесі ретінде қарастыратын жаңа тұжырымдама келіп түскен болатын. Тұжырымдамаға сәйкес, мейрамды мазмұндық тұрғыдан толықтай жаңғырту және оның халықты біріктіруші рөлін арттыру үшін Наурыздың бірегей логотипі бекітілді.
Бұл логотип қазіргі кезде қаламыздың барлық мемлекеттік органдарына жолданып, қаланы безендіру және іс-шаралар барысында біріңғай қолданылуда.Сонымен қатар, төл мерекемізді тойлаудың жаңа дәстүрін қалыптастырып, оның мазмұнын идеологиялық мәнмен байыту үшін 14 – 23 наурыз аралығында Наурызнама онкүндігін жариялап, оның әр күнін белгілі бір тақырыпқа арнау ұсынылған. Яғни, дәстүрлі түрде халықтық мерекелер мен фольклорлық қойылымдар, киіз үй орнату, халықтық әдет-ғұрыптарды, ұлттық киімдерді, ұлттық тағамдарды насихаттау форматында өтпек.

Брифинг барысында ағымдағы жылы наурыз мерекесі 14 – 23 наурыз аралығында Наурызнама онкүндігін жариялап, оның әр күнін белгілі бір тақырыпқа арнау ұсынылды. – деді Б.Орынтаев.

Баспасөз конференциясының толық нұсқасын https://www.youtube.com/@Rsk.shymkent/streams сілтемесіне өту арқылы көре аласыздар.

Шымкент қаласының Өңірлік Коммуникациялар қызметі

Автор: admin