• 28 марта, 2024 12:31 пп

М.Ахметжанов Шымкент активіне жемқорлыққа қарсы Тұжырымдама жобасын таныстырды

Автор:admin

Ноя 18, 2021

Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Төрағасы М. Ахметжановтың Шымкент қаласына жұмыс сапары аясында қала әкімі М. Айтеновтың қатысуымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңейтілген кеңес өтті.
Іс-шара мемлекеттік және құқық қорғау органдары басшыларының, депутаттардың, саяси партиялар, этномәдени бірлестіктер мен жұртшылық өкілдерінің қатысуымен өтті.
М. Ахметжанов өз сөзінде әзірленіп жатқан 2022-2026 жылдарға арналған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының Тұжырымдамасына егжей-тегжейлі тоқталды.
Ол Тұжырымдаманың новеллаларының бірі негізсіз баю және шығыстардың кірістерден асып кетуі үшін жауапкершілікті енгізу болып табылатынын атап өтті. Бұл қаржылық тексеруді бастау үшін сигнал болады.
«Бүгінде жаңа талаптар бойынша барлық мемлекеттік органдарда жобалық басқару енгізілуде. Ел дамуының барлық жалпыұлттық басымдықтары енді осы қағидаттар арқылы іске асырылатын болады. Сондықтан, қазір барлық мемлекеттік органдар үшін Ұлттық жобалардан басқа 6 негізгі міндетті жобалық бағыт анықталды. Олардың бірі «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы барлық бастамалар осы бағыт аясында жүзеге асырылатын болады», — деп атап өтті М. Ахметжанов.
Агенттік басшысының мәліметінше, 2019 жылдан бастап жыл сайын 100-ден астам сыбайлас жемқорлық қылмыстары тіркеледі, 70-тен астам лауазымды тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Сонымен қатар, отырыс барысында осы жылдың 10 айындағы өңірдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстарының қорытындылары қаралды.
Іс-шара соңында қала басшысы М.Әйтенов сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етіп, бірқатар тапсырмалар берді.

JSK ақпарат

Автор: admin