• 24 апреля, 2024 4:12 пп

МҰРАТ ӘЙТЕНОВТІҢ КЕЗЕКТЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

Автор:admin

Май 11, 2022

 

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Абай ауданының тұрғындарымен кездесіп, қаланың дамуы және инфрақұрылммен қамту барысын баяндады.

Есепті кездесуге Қатын көпір, Солтүстік батыс, Самал-1,2,3, Шұғыла, Нұршуақ, №3,4,8 шағынаудандары мен 112 орамынан жалпы 500 ге жақын аудан тұрғындары, қала мәслихатының депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, басқарма басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Абай ауданында инфрақұрылым жүйелерінің
мәселесі 2023 жылдың соңында толық шешіледі. Өткен жылы 9 елді мекенге ауыз су, 5 елді мекенге электр қуаты берілді.
2022 жылы 8 елді мекенге табиғи газ пайдалануға беріледі. Самал-1 шағынауданында кәріз жүйесі іске қосылды.

Ауданда 2021 жылы 37,7 шақырымды құрайтын 52 көше асфальттанған. Биыл 56,5 шақырым болған 39 көшеге асфальт төселеді.

Сонымен бірге, 2022 жылы 29 көшеге жарықтандыру жұмыстары мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жүзеге асады.

Кездесуде әр тұрғынның сұрағына жеке жауап берген қала әкімі, көтерілген мәселелер ескерусіз қалмайтынын, оның орындалуын өзі жіті бақылауға алатынын жеткізді.

Шымкент қалалық мәслихат депутаты, “AMANAT” партиясының фракция мүшесі Сейітжан Бақытжан Серікжанұлы.

Автор: admin