• 28 марта, 2024 9:13 пп

МЕЙРАМ ҚАЖЫКЕН: ЖАСТАР – ЕЛІМІЗДІҢ БОЛАШАҒЫ

Автор:admin

Ноя 11, 2022

 

Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкен Ақтөбе облысында үгіт-насихат кездесулерін өткізді.

Үміткер өңірге сапары кезінде алдымен «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС жұмысшыларымен жүздесіп, сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарын егжей-тегжей түсіндірді. Жиында білім беру, қорғаныс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыптары кеңінен қозғалды.
Ал Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің студенттері және профессор-оқытушыларымен кездесу кезінде болашақ мамандарды тұрғын үй сатып алу және жұмысқа орналасу мүмкіндігі сияқты тақырыптар қызықтырды.

«Менің сайлауалды бағдарламамда жастардың мәселесіне ерекше көңіл бөлінген. Өйткені жастар – еліміздің болашағы. Жастарға барлық жолдарды ашып, өзін-өзі дамытуға, баспана алуға, кәсіби мансабын құруға барлық мүмкіндікті ұсынуымыз қажет. Өйткені адам ең әуелі әлеуметтік мәселелерін шешіп алмайынша, қоғамдағы өзгерістерге үн қосуға, жұмысына, жалпы өзінің кәсібилігін арттыруға құлықты болмайды. Бұл жалпы, ел экономикасына әсер етеді. Яғни жастардың әлеуметтік проблемалары жалпы қоғамның әлеуметтік-экономикалық проблемаларының көрінісі әрі жалғасы болып саналады. Жастар проблемасы қашанда қоғамның өзекті мәселелерінің біріне айналған. Жастарды негізінен жоғары немесе орта білім ала алмау, өз отбасын материалдық жағынан қамсыздандыру қиындықтары, мамандығы бойынша жұмыс таппау, баспананың жоқтығы секілді проблемалар қатты алаңдатады», деді М.Қажыкен.

Автор: admin