• 8 мая, 2024 5:44 пп

МАҚТААРАЛДА «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 5 МЕКТЕП САЛЫНАДЫ

Автор:admin

Фев 15, 2023

Еліміздегі «ақ алтынның» отаны саналатын Мақтаарал ауданының жері жазық, жазиралы ерекше табиғатқа ие, Қазақстанда халқы ең тығыз орналасқан аудандардың бірі екені мәлім. Бұл өлке бүгінде ақ алтынымен ғана емес, көздің жауын алатын дәмді көкөнісімен, қауын-қарбызымен де бүкіл әлемге танылып жатыр.

Былтыр облыс әкімі аудан тұрғындарымен кездесуінде ауданның маңызды 27 мәселе көтерілді. Қазіргі уақытта, 6 мәселе өз шешімін тапты. Оның ішінде Жамбыл елді мекенінің көшелеріне трансформаторлар орнатылып, электр желілері салынды. Ауданның орта білім беру ұйымдарындағы 6 400-ге жуық балаға 238 млн. теңге қаржы қаралып, ата-аналардың есеп шоттарына аударылды. Нәтижесінде, балалар мектеп формасымен және құралдарымен қамтамасыз етілді. Алаш елді мекенінде 300 орындық мектептің құрылыс жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді.

Қазіргі уақытта ауданды «Ауыл аманаты» бағдарламасының аясында шаруаларды несиелендіру жоспарлануда. Сондай-ақ, кооперативтерді жабдықтау мен тұрғындардың өз кәсібін ашу бойынша іске асырылатын болады. Ал жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін 8,6 млн. теңге несие 5 жылға дейін беріліп, мал шаруашылығы мен ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру үшін 27,6 млн. теңге 7 жылға дейін ұсынылмақ. Мақтаарал ауданында бұл бағдарламаны пилоттық режимде Достық, Қалыбеков ауыл округтерінде іске асыру жоспарлануда. Сонымен қатар, «Ауыл – Ел бесігі» жобасының аясында Жалын, Жайлыбаев елді мекендерінде жаңадан мәдениет үйлерін салуға 607 млн. теңге қаралды.Сондай-ақ, Мырзакент елді мекенінде спорт кешенінің құрылыс жұмыстарын жүргізуге 368 млн. теңге бағытталды. Нысандардың құрылысы осы жылы аяқталады.

Аудандағы өнеркәсіп өнім көлемі былтырғы жылдың қорытындысымен 16 млрд. теңгені құрап, 2021 жылмен салыстырғанда 4,5 млрд. теңгеге кеміді. Ал негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 22,5 млрд. теңгені құрады. Құны 2,7 млрд.теңгені құрайтын жаңа 2 инвестициялық жоба іске асырылып, 175 жаңа жұмыс орны ашылды. Осы жылы 1,7 млрд. теңгеге 4 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланды. Нәтижесінде, 108 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Ауыл шаруашылығы саласында былтыр 81 млрд. теңгеге ауыл шаруашылығы өнімі өндірілген. Егіс көлемі 61 мың гектарға орналастырылып, өсімдік шаруашылығының өндірілген өнімі 65,2 млрд. теңгені құрап, мал шаруашылығының өнім көлемі 16 млрд. теңгені құрады.

Былтыр, ауданда 141 шақырым арналар механикалық тазалаудан өтіп, 13 мың гектар суармалы жердің жағдайы жақсарды. Осы жылға төмендетілген бағамен 5,7 мың тонна дизель отыны бөлінді. Сондай-ақ, агро шаруашылығын субсидиялауға облыс бойынша 7,6 млрд.теңге бөлінді. Ал шағын және орта бизнес субъектілерінің саны
11 мыңнан асып, 16 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған. Халықтың табысын арттыру мақсатында арнайы жұмыспен қамту картасы бекітіліп, Мақтаарал ауданы бойынша былтыр 3 мың 786 жаңа жұмыс орны ашылды. «Еңбек» бағыты бойынша былтыр 10 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орындарын ашу» жөніндегі тапсырмасының аясында 1 мыңнан астам жұмыс орындары ашылды.

Ауданда білім беру саласы бойынша 109 мектепке дейінгі ұйымдар, 56 мектеп бар. Мемлекеттік тапсырыс аясында мектепке дейінгі ұйымдарда 10 мыңнан астам бала қамтылған. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасы бойынша «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы әзірленуде. Салынатын мектептер жаңа форматта болмақ. Жоба аясында осы жылы Үлгілі ауылында 600 орындық, Ынталы ауылында 300 орындық мектептердің құрылысы басталады. Келесі жылы Атакентте 900 және 1500 орындық 2 жаңа мектеп және Абай ауылында 900 орындық 1 жаңа мектептің кұрылысы жоспарлануда. Бұл мектептер 2024-2025 жылдары пайдалануға беріледі.

Ауданда денсаулық сақтау саласында 60 мекеме қызмет көрсетеді. Игілік ауылында бір ауысымды 50 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулатория құрылысына 300 млн. теңге бөлініп, жұмыстарды осы жылы аяқтау жоспарлануда. Сондай-ақ, мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы Шаттық, Ақ алтын және Еңбекші елді мекендерінде медициналық пункттері салынып, пайдалануға беріледі.

Сонымен қатар, ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында құрылыс жұмыстары жүргізіліп, Достық және Найман-Бухарбай ауылының тұрғындарынан басқасы 100 пайыз қамтылды. Достық және Найман-Бухарбай ауылдары бойынша су қорын анықтау үшін іздеу-барлау жұмыстары жүргізілуде. Ал табиғи газ жүйесімен 40 елді мекен қамтамасыз етілген. Қазіргі уақытта «Мақтаарал» АГТС құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жоба құны — 3,7 млрд. теңге. Сондай-ақ, Дихан елді мекенін газбен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Былтыр 321 млн. теңге қарастырылса, осы жылға 141 млн. теңге бюджеттен бөлінді.

Бүгінде Мақтаарал ауданының елді мекендері электр желісімен толық қамтамасыз етілген. 2022 жылы «Оңтүстік Жарық Транзиттің» инвестициялық бағдарламасына сәйкес 50 шақырым электр желісі, 10 дана трансформатор ауыстырылды. Ал қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын қалпына келтіру үшін және қоқыс алаңшаларын орналастыруға 45 млн. теңге бөлінді. Сонымен қатар, аудандағы жолдарды жөндеу үшін бюджеттен былтыр 1,1 млрд. теңге бөлініп, елді мекендерде 58 ішкі көше жөндеуден өтті. Осы жылы көшелерді жөндеу үшін бюджеттен 1,5 млрд. теңге қаражат бөлінді.

Автор: admin