• 25 апреля, 2024 10:18 пп

МАҚСҰТ ИСАХОВ «ANTIKOR.LIVE» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ СҰХБАТ БЕРДІ

Автор:admin

Июл 16, 2021

Қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов «Antikor Live» жобасы аясында қаланың стратегиялық дамуы аясында атқарылған жұмыстар бойынша тікелей эфирде сұхбат берді.
Мақсұт Пернебайұлы қалалық орта сапасы және бақылау, дене шынықтыру және спорт, еңбек инспекциясы, туризм және сыртқы байланыстар, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, цифрландыру басқармаларының жұмысымен таныстырып, қолға алынған жобалардан хабардар етті.
Қаланы сапалы интернетпен қамтамасыз ету мақсатында атқарылған жұмыстарға тоқталған қала әкімінің орынбасары жұмыстар 3 кезеңге бөлініп, алғашқы кезең бойынша бүгінгі күнге қаладағы шағын аудандар мен тұрғын алаптар аумағына 11 базалық станция орнатылып іске қосылғандығынан хабардар етті. 2021 жылы қала аумағын сапалы интернетпен қамтамасыз етудің 2-кезеңінде 14 жердің координаттары мобильді байланыс операторларымен келісілген.
«Биылғы жылы 14 базовая станция іске қосылатын болса онда біз қаланың 100 пайыз аумағын қамтимтын боламыз. Алайда интернетті тартуына тартамыз, екінші мәселе оның сапасы. Бұл бойынша арнайы қондырғыларды алып, қазіргі таңда жұмысын көрсетуде» — деді қала әкімінің орынбасары.
Спикердің айтуынша, оның 8 нүктесі жеке инвестор есебінен, 6 нүктесі әкімдікпен мобильді байланыс операторлорымен бірлесе жеке нысан иелерімен тікелей келісуі арқылы іске асырылады.
Сұхбат барысында Мақсұт Исахов жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының жұмысына тоқталып, қала тасымалдаушыларының табысын және олардың шығынын айқындайтын төлем жүйесі жайында сөз қозғады.
«Бұл Төлем арқылы әрбір Шымкент қаласының қоғамдық көліктерін қолданатын адамы Төлем картасын алып, әр транзакция жасаған сайын ол біздің Шымкент қаласының қоғамдық көліктің дамуына қосқан үлесі» — деді спикер.
Еңбек инспекциясына қатысты ақпараттарды берген спикер, жиі кездесетін мәселелердің бірі уақытылы жалақысын төлемеу, заңсыз жұмыстан шығаруға қатысты арыздар көп түсетіндігін айтты. Биылғы жылы 182 заңбұзушылық анықталып 4,5 млн теңгеге 25 әкімшілік айыппұл салынған. Басқарманың мемлекеттік еңбек инспекторымен атқарылған жұмыстар нәтижесінде жыл басынан бері 35 кәсіпорындағы 1960 жұмыскердің 166,5 млн. теңге көлемінде жалақы қарыздарын төлеткізіп, жұмыскерлердің әлеуметтік құқықтарын қорғаған.
Қала әкімінің орынбасары М.Исахов мемлекеттік қызмет көрсету, қаладағы туризмнің дамуы бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға да тоқталды.

Jsk ақпарат

Автор: admin