• 23 апреля, 2024 9:07 дп

Латын әріптері – латын тарихы!

Автор:admin

Янв 14, 2024

Латын әріптері туралы айтқан кезде латын халқы, оның тілі және әліпбиі туралы да айта кеткеніміз жөн. Латын тарихы өте терең, оны қысқаша айтсақ, Италия жерінде Этрусс, Лациум және Кампан деген үш жазықтық жатыр. Лациумнің орталығы б.з.д. VIII ғ. латын тайпасы негізін қалаған Рим қаласы болды. Б.з.б. I ғасырдың аяғында көп жерлерді жаулап алған Рим үлкен мемлекет боп V ғасырға дейін өмір сүрді, бүкіл Жерорта теңізі, Испаниядан Грецияға, Кіші Азия мен Египетке дейінгі және қазіргі Франция территориясы, Англия мен Германияның кейбір бөліктері т.б. жерлер Римнің қол астында болып, римдік мемлекеттің тұрғындары латын тілінде сөйлеген. Осы уақытта билік жүргізген империялық Рим мемлекетінің ресми тілі де латын тілі болғандықтан оның тілі мен жазуы бүкіл антик әлеміне тарап, еуропалық өркениетінің негізі болған. Кейіннен Рим мемлекеті ыдыраған кезде оның құрамындағы түрлі ұлттар да бір-бірінен алшақтап, олардың тілдері де өз жолдарын тапты. Сондықтан қазір латын халқы жоқ, лингвистикалық классификация бойынша латын тілі өлі (яғни, қазіргі кезде қолданылмайтын) италийлік тілдерге жатады. Латын тілінің негізінде ұлттық тілдер, яғни романдық тілдер — итальян, француз, испан, португал, румын және молдаван т.б. тілдері өз алдына қалыптасқан екен. Латын алфавитінің қазіргі бізге жеткен таныс түрі б.з.д VI-ІІІ ғ.ғ. қалыптасқан. Орта ғасырда Латын әліпбиі Еуропаға тарады, Африка, Америка және Азия халықтары пайдаланды.

Классикалық латын әліпбиі 26 әріптен тұрады, олар 6 дауысты, 20 дауыссыз дыбысты таңбалайды: Аa, Bb, Cc, Dd, Ee, Ff, Gg, Hh, Ii, Jj, Kk, Ll, Mm, Nn, Oo, Pp, Qq, Rr, Ss,Tt, Uu,Vv,Ww, Xx,Yy, Zz. Латын әріптері роман, герман және басқа да тілдердер жазуына негіз болған. Бірақ барлығы да латын әріптерін алғанмен, әр халықтың әліпбиіндегі әріптердің бәрі де бірдей фонемаларды таңбалай бермейді, әр әліпбидің өзіндік ерекшеліктері мен өзгешеліктері бар. Әріптің аз болуы әр тілдің дыбыстар санына сай келмегендігінен, бір дыбысты бірнеше әріппен біріктіріп таңбалау қажет болған. Бір дыбысқа бір таңба ұстанымы толық сақталмады. Әріп тіркестері алынып, бір дыбысқа екі әріп ұстанымы қоса жүрді. Барлығы да латын әріптерін қолданса да, Европа халықтарының әліпбиінде өзгешеліктер бар. Мысалы: «Х» фонемасы: неміс тілінде — Ch, ағылшын тілінде -Kh, француз тілінде — Kh, ал «Ш» фонемасы; неміс тілінде — sch, ағылшын тілінде — Sh, француз тілінде – sz таңбалары арқылы жазылады. Француз тілінде 17 дауысты, 18 дауыссыз, неміс тілінде 16 дауысты, 21 дауыссыз, ағылшын тілінде 15 дауысты, 15 дауыссыз және дифтонг бар.

Jsk ақпарат

Автор: admin