• 4 мая, 2024 3:56 дп

Кәсіподақ – тұрақтылықтың кепілі!

Автор:admin

Июл 9, 2023

Еліміздегі атымен де, затымен де елеулі Түркістан шаһары бір кезде тарихи қала ретінде әлемге белгілі болса, бүгінде Түркістан облысының орталығына айналып, заманауи даму жолына түскен кент ретінде өзге елдердің де назарына ілініп отыр. Демек, Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы қол жеткен табыстарының бірі де – жаңа Түркістан. Ал Түркістандық тұрғындар кәсіподақ туралы жеткілікті деңгейде ақпараттардан хабардар ма?! Осы материалдан Түркістандық тұрғындар үшін арнайы кәсіподақ туралы аналитикалық мақала жазып отырмыз. Мақалада елімізде және әлемде кәсіподақтардың қалыптасу кезеңдері туралы баяндалады. Қазіргі заманғы қоғамдық бірлестік ретінде, кәсіподақтардың қағидаттары, негізгі функциялары және құқықтық мәртебесі зерделенген. Авторлар әлемдік тәжірибеге сүйене отыра, жоғарыдағы қоғамдық бірлестік жұмысын жетілдіру жолдарын ұсынады. Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекетті дамытпай демократияны, керісінше демократияны одан ары қарай дамыту үшін азаматтық қоғамды мен құқыктық мемлекетті жетілдіруіміз қажет. Сонда бұлар қазіргі демократия теориясы мен практикасында бұлар бір-бірінен ажырағыссыз, эволюциялық ұғымдар. Біреуі екіншісіз өмір сүруі мүмкін емес және олардың эволюциялық жолмен дамуынан басқа жол жоқ. Азаматтық қоғамның институттарына мемлекеттен тыс, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық қозғалыстар, бірлестіктер, бұқаралық ақпарат құралдары жатады. Ол өзінің дамуында құқықтық мемлекет пен демократияға барынша ықпал жасайтын институттардың бірі. Азаматтық қоғамның мемлекеттік, үкіметтік емес, қоғамдық бірлестіктерден тұратындығы белгілі. Оның сондай институтарының бірі кәсіподақтар. Кәсіподақтардың негізгі мақсаты еңбек қатынастары және одан туындайтын басқа да қатынастар саласындағы жұмысшылардың мүддесін қорғау. Кәсіптік одақтар — азаматтардың өз кәсіптік мүдделерінің ортақтығы негізінде өз мүшелерінің еңбек ету, сондай — ақ басқа да әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін білдіру мен оларды қорғау, еңбек жағдайларын жақсарту үшін ерікті түрде құратын дербес, тіркелген жеке мүшелігі бар қоғамдық бірлестіктер. Үлкен кәсіпорындарда адамның санына байланысты дербес кәсіподақ ұйымы және оның аппараты болады. Өзінің пайда болған кезінен бастап-ақ қызметі мен құрылымы бойынша өзгеріп, екі жүз жылдық тарихында кәсіби одақтар ерекше қоғамның құбылысы ретінде қабылданып келеді. Ең алдымен, кәсіби одақтар өзінің ұжымдық құқықтары мен мүдделерін қорғауға арналған жұмыскерлер ұйымы ретінде пайда болды. Кәсіподақтар Батыс Eypona мен АҚШ-та өзара көмек қоғамдары ретінде 18 ғасырдың аяғында пайда болды. Францияда жұмысшы қоғамдары, АҚШ-та жұмысшы қауымдастықтары құрыла бастады. Германия мен Еуропаның басқа да елдерінде 19 ғасырдың 30 — 40 — жылдары құрылған жұмысшы қауымдастықтары жұмыскерлердің еңбек ету жағдайларын, жалақысы, тұрмысы, мәдениеті, демалысы, тағы басқамұқтаждары салаларындағы мүдделерін қорғауды көздеді, олар нақты істерімен өздерінің дербес саяси күш екендігін көрсетті. Дамыған елдерде кәсіподақтар 19 ғасырда заңдастырылды1905 жылы кәсіподақтардың одақаралық органдары — Орталық бюролар құрылды. Aca ірі халықаралық орталықтары: Кәсіподақтардың дүниежүзілік федерациясы, Ерікті кәсіподақтардың халықаралық конфедерациясы және Дүниежүзілік еңбек конфедерациясы. Ресейде кәсіподақтар 1905-1907 жылғы төңкеріс кезінде қалыптаса бастады. Қазақстанда да кәсіподақтар осы кезеңде құрыла бастады. Қазақстан арқылы өтетін Орынбор — Ташкент, Орынбор -Самара темір жолының, Қарағанды, Орал кеніштері мен кәсіпорындары жұмысшыларының әкімшілік алдына экономикалық талаптар қою үшін ұйымдасуы кәсіподақтардың алғашқы үлгілері еді. Қазан төңкерісінен кейін кәсіподақтардың рөлі түбегейлі түрде өзгерді. Олар жартылай жария ұйымдардан жұмыскерлердің ірі бірлестіктеріне айналды. Кәсіподақтардың міндеттері мен қызметтеріне жаңа сапалық сипат берілді. KCPO кәсіподақтарының мақсаттары, ұйымдық құрылымы, күллі практикалық жұмысы «пролетариат диктатурасының орнауы» жағдайына бейімделіп белгіленді, оларға «коммунизм мектебі» болу, билік жүргізуші саяси ұйымға көмектесу міндеті жүктелді. Кәсіподақтар қозғалысы бұқаралық сипатқа ие болды. 1921 жылы 25 — 28 қаңтарда Орынборда кәсіподақтардың Қазақ өлкелік 1- кеңесі болып өтті. Осы кеңесте Кәсіподақтардың бүкілодақтың орталық кеңесінің (ВЦСПС-тің) Қазақ бюросы құрылды. Бюроның ұйымдастыру, экономика және нормалау бөлімдері болды. 1921 жылы 17 — 22 қазанда Орынборда Қазақстан кәсіподақтарының 1-конференциясы өтті. Оның жұмысына 47 делегат қатысты. Кәсіподақтар кеңестік қоғам тарихындағы барлық кезеңдерде сан-салалы жұмыс жүргізіп, Кеңестік жүйедегі алға қойылған нақты міндеттерді шешуге белсене ат салысты. 1957 жылы қаңтарда KCPO Жоғары Кеңесі Төралқасы «Еңбек дауларын қарау тәртібі туралы ережені» бекітті. Бұл ереже бойынша, фабрика-зауыт жергілікті комитеттеріне (ФЗМК), бір жағынан, жұмысшылар мен қызметшілер, екінші жағынан, өндіріс әкімшіліктері арасындағы еңбек дауларын тікелей қарау құқығы берілді. 20 ғасырдың 60-жылдары мемлекет әлеуметтік сақтандыру және еңбек заңдарының сақталуын, еңбек қорғау мен қауіпсіздік техникасын мемлекеттік қадағалау кәсіподақтарға жүктелді. Еңбек пен жалақы мәселелері жөніндегі мемл. шешімдер кәсіподақтардың қатысуымен қабылданды. Олар Кәсіподақтардың бүкілодақтың орталық кеңесі мен кәсіподақтардың республика кеңестері арқылы заң шығару бастамашылығы құқығын пайдаланды. Мысалы, зейнетақы, жұмыс күнін қысқарту туралы заңдар, еңбек дауларын қарау тәртібі туралы ережелер, жалақысы аз жұмысшылар мен қызметшілерге жалақыны көбейту туралы, жұмысшылар мен қызметшілердің ұжымдық бау-бақша шаруашылығы туралы қаулылар кәсіподақтардың бастамашылығымен немесе белсене қатысуымен қабылданды. Әкімшілік кәсіподақтардың фабрикалық, зауыттық, жергілікті комитетінің келісімінсіз, өз бастамасымен жұмысшылар мен қызметшілерді жұмыстан шығара алмайтын, тұрғын үйлерді белу, тағы басқатуралы шешім қабылдай алмайтын болды.

 

 

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin