• 24 апреля, 2024 8:02 пп

ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР РЕФЕРЕНДУМДЫ ҚОЛДАЙДЫ

Автор:admin

Май 12, 2022

 

Шымкенттегі Әл-Фараби ауданына қарасты «Асыл жүрек» әлеуметтік-медициналық орталық қызметкерлері мен келушілері маусым айында өтетін референдумға қатысты өз ойларымен бөлісті. Бүгін аталмыш мекеме ұжымы ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Берік Бекжанов, Шымкент қалалық мәслихатының депутаттары әрі «AMANAT» партиясы фракциясы мүшелері Наргиза Керімбаева және Бақыт Қыдырбаевпен жүздесті.
-Алдағы күндері бізді үлкен өзгерістер күтіп тұр. Конституциялық сот құруды көздеп отырмыз. Сондай-ақ, президент өңірлердегі әкімдердің шешіміне араласпайды. Тек сол шешімнің нәтижесі бойынша әкімдердің жұмысына баға беретін болады. Ал, әкімдерді тағайындау үшін жергілікті мәслихатқа бір емес бірнеше адамның кандидатурасын ұсынатын болады, — деді халық қалаулысы өз сөзінде.

Автор: admin