• 20.04.2026 14:45

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ҚОҒАМ ТІРЕГІ

Автор:admin

Апр 20, 2026

 

Шымкент қаласының прокуратурасы қоғам өміріндегі заң мен тәртіптің маңыздылығына назар аудартады. Күнделікті өмірде көп жағдайда біз байқамайтын басты құндылық – осы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ететін заң.

Егер заң мен тәртіп бір сәтке тоқтаса, оның салдары ауыр болмақ. Бұл тек тәртіптің бұзылуына емес, сонымен қатар қауіпсіздік пен қоғамдық сенімнің жоғалуына әкеледі. Заң жоқ жерде әрбір азамат бейберекет жағдаймен бетпе-бет келеді.

Заң – жай ғана ережелер жиынтығы емес. Ол – әр азаматтың құқығы мен қауіпсіздігінің кепілі. Сондықтан заң мен тәртіп қоғамның тұрақты дамуы мен тыныштығының негізі болып табылады. Заңсыз тәртіп болмайды, ал тәртіпсіз қауіпсіздік қамтамасыз етілмейді.

Автор: admin