• 11.06.2026 18:55

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП: ШЫМКЕНТТЕ «STOP GRAFFITI» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТУДЕ

Автор:jsk.kz

Июн 11, 2026

Шымкент қаласы Полиция департаментінің ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп» қағидасын іске асыру аясында ағымдағы жылдың 8-14 маусым аралығында қала аумағында «STOP GRAFFITI» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның басты мақсаты – есірткі құралдарын насихаттайтын заңсыз граффити жазбаларын анықтау және жою, сондай-ақ жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттырып, заңға құрмет мәдениетін қалыптастыру.
Айта кету қажет, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 299-1-бабына сәйкес есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын немесе прекурсорларды насихаттау не заңсыз жарнамалау қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады және 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Полиция департаменті қала тұрғындарын қоғамдық тәртіпті сақтауға, қоршаған орта тазалығына ұқыпты қарауға және құқық бұзушылықтарға бейжай қарамауға шақырады. Заң мен тәртіпті сақтау – қауіпсіз қоғам мен жарқын болашақтың берік негізі.
#ЗАҢМЕНТӘРТІП

Автор: jsk.kz