• 25 апреля, 2024 8:14 пп

«Жер сағаты» акциясы 25 наурызда өтті

Автор:admin

Мар 27, 2023

Биыл 2023 жылдың 25 наурызында жергілікті уақыт бойынша сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін бүкіл ел бойынша «Жер сағаты» дүниежүзілік акциясы өтті.
Берілген 1 сағат — әлемнің түкпір-түкпіріндегі миллиондаған адамдар жарық пен электр құрылғыларын өшіретін уақыт, оған қоса мыңдаған сәулет ескерткіштері жарықты сөндіру керек еді.
Бұл акцияға Түркістан облысында орналасқан ірі кәсіпорындар қатысты, атап айтар болсақ «Қаратау»ЖШС, «Шетелдік инвестициялардың қатысуымен Қазақстан-Ресей-Қырғыз бірлескен кәсіпорны және «Заречное»» акционерлік қоғамы, «Орталық» тау-кен кәсіпорны» ЖШС, «Катко» бірлескен кәсіпорны» ЖШС, «Ақбастау» бірлескен кәсіпорны» ШЖС, «Оңтүстік тау-кен химия компаниясы» бірлескен кәсіпорны» ЖШС.

Автор: admin