Қызмет жұмысында бейнежазба функциясы бар 240 смарт-бейдж қолданылады. Бұл құрылғылар медициналық көмек көрсету барысын, медицина қызметкерлерінің пациенттермен өзара әрекеттесуін және көшпелі бригадалардың жұмысын тіркеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар «103 Yandex» жобасының арқасында тұрғындар жедел жәрдем көліктерінің қозғалысын онлайн режимде бақылай алады.
