• 4 мая, 2024 6:43 дп

«ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: ТҮРКІСТАНДЫҚ АРДАГЕРЛЕР САЯБАҚҚА 100 ДАНА АРША АҒАШЫН ОТЫРҒЫЗДЫ

Автор:admin

Апр 25, 2024

 

Республикалық экоакцияға түркістандық ардагерлер мен өзге ұлт өкілдері үлес қосып, облыс орталығындағы «Парасат» саябағына 100 дана боз арша көшеттерін отырғызды.

Айта кетсек, арша ағашын ел ішінде «денсаулық ағашы» деп те атайды. Өйткені ол жылына орта есеппен 1 тоннадан аса шаң жұтып, айналасына 1 500 литр оттегі бөліп шығарады. Арша орманының 1 гектары жылына 18 миллион текше метр ауаны көміртегі газынан тазартады. Сондай-ақ, қоршаған ортаны 50-65 тоннаға дейін зиянды газдардан арылтып, сүзіп отырады.

Шара барысында ардагерлер барша түркістандықтарды экоакцияға белсенді түрде қатысуға шақырды.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Автор: admin