• 4 мая, 2024 9:56 пп

«ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: ОТЫРАРДА САЯБАҚТАРДА СЕНБІЛІК ӨТІП ЖАТЫР

Автор:admin

Апр 25, 2024

 

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Жасыл аймақ» апталығы аясында Отырар ауданында абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Аталған шараларға тұрғындар белсене атсалысып жатыр. Бүгінде Отырар ауыл округіне қарасты Мөлке Шойман ауылындағы саябақтың айналасын қоқыстан тазарту, жолдың жиектеріндегі қоршауларды сырлау, төңіректі арамшөптерден тазарту, ағаштарды ақтау, топырақ түбін қопсыту жұмыстары атқарылды.

Алдағы уақытта «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Өнегелі ұрпақ», «Мөлдір бұлақ» апталықтары мамыр айының соңына дейін жалғасын табатын болады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Автор: admin