• 25 апреля, 2024 7:31 пп

«Жастарды қолдау» қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.

Автор:admin

Сен 23, 2021

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау мақсатында «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы «Жастарды қолдау» қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.

Кеңес отырысында алғашқы болып, «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бектаева Жанар Әлібекқызы сөз алды. Өз сөзінде жолдауда айтылған нақты басымдықтарға жеке-жеке тоқталып, сайлауалды бағдарламалармен байланыстыра жүйелі жұмыс істеу қажеттігін айтты.

Аталған тақырып аясында Шымкент қаласы мәслихат депутаты, фракция мүшесі Балтабаев Талғат Дуйсебайұлы және «Jas Otan» Жастар қанаты Шымкент қалалық филиалының төрағасы Исахов Мағжан Шыңғысұлы баяндама жасады.

#??????? #???????????????

Автор: admin