Шымкент қаласының Жанаталап шағынауданында заманауи балалар ойын алаңы пайдалануға берілді.
Жаңа алаң заманауи қауіпсіздік талаптарына сай жабдықталған. Мұнда сырғанақтар, әткеншектер, турникеттер және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін резеңке жабын қарастырылған. Ойын аймағы әр жастағы балалардың белсенді демалысына мүмкіндік береді.
Тұран ауданы әкімінің орынбасары Дәурен Балғанов жаңа нысанның басты мақсаты – балаларға қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру екенін атап өтті.
«Балалар алаңы – жай ғана ойын орны емес, тұрғындар бас қосатын, балалардың белсенді демалуына мүмкіндік беретін қоғамдық кеңістік. Мұндай нысандар шағынаудандардың көркеюіне және жайлы орта қалыптастыруға ықпал етеді», – деді ол.
Тұрғындар да жаңа нысанның ашылғанына қуанышты. Бұған дейін балалардың ойнайтын арнайы орны болмағанын айтқан жергілікті тұрғындар енді ойын алаңының үйлеріне жақын орналасқанын атап өтті.
Жанаталаптағы жаңа алаң – шағынаудандарды абаттандыру және балаларға арналған инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жұмыстардың бір бөлігі. Алдағы уақытта қала аумағында балалар және спорт алаңдарын көбейту, аулаларды абаттандыру жұмыстары жалғасын табады.
Жаңаталап ауылында жергілікті тұрғындар мен кішкентай бүлдіршіндер үшін айтулы оқиға өтті. Ауылда заманауи талаптарға сай жабдықталған жаңа балалар ойын алаңшасы ресми түрде ашылды.
Ашылу салтанатына ауыл ақсақалдары, жергілікті билік өкілдері, ата-аналар мен қуаныштары қойнына сыймаған балалар қатысты. Шара барысында ауыл ардагерлері ақ батасын беріп, жас ұрпақтың дені сау, отаншыл болып өсуіне тілектестік білдірді.
«Бұрын балаларымыз аула аралап жүруші еді, енді, міне, барлық жағдайы жасалған қауіпсіз әрі әдемі алаң ашылды. Ауылдың көркеюіне, балаларымыздың жарқын болашағына жасалып жатқан мұндай қамқорлыққа өте қуаныштымыз», — деді ауыл тұрғындарының бірі.
Балғындардың бос уақытын қуаныш пен шаттыққа бөлейтін заманауи балалар ойын алаңы қаламызда көптеп пайдалануға берілуде. Жаңадан салынған алаңға аяқ бассаңыз, көздің жауын алатын ашық түстер мен балалардың шат-шадыман күлкісі қарсы алады. Басқа жерге қарағанда, мұнда әрбір бөлшек баланың жайлылығы мен қауіпсіздігі үшін ерекше ұқыптылықпен ойластырылған:
Бұл – жай ғана темір мен бояудан тұратын құрылыс емес, бұл – ауыл балаларының жарқын болашағына, қауіпсіз әрі бақытты балалық шағына жасалған үлкен тарту.
Жаңаталаптағы бұл игі іс — қаламыздың әлеуметтік инфрақұрылымын арттырып, шаһар тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған жүйелі жұмыстардың айқын дәлелі. Жергілікті билік өкілдері мұндай балаларға арналған қауіпсіз әрі заманауи нысандарды салу алдағы уақытта да басқа шағын аудандарда жалғасын табатынын жеткізді.
Бүгінде Жаңаталаптың әрбір кеші ерекше көңілді. Себебі су жаңа алаңда ауылдың болашағы — кішкентай бүлдіршіндердің ең қамсыз, ең бақытты шақтары өтіп жатыр!
