• 27.03.2026 22:19

Жанармай нарығының болашағы: сарапшылар баға қалыптастырудың сын-қатерлерін талқылады

Автор:admin

Мар 27, 2026

 

KAZENERGY қауымдастығы алаңында жанар-жағармай нарығындағы баға қалыптастырудың өзекті мәселелері мен алдағы қадамдарына арналған кездесу өтті. Талқылауға сарапшылар, салалық қауымдастықтар, нарықтың түрлі сегменттерінің өкілдері, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және мемлекеттік органдар қатысты.

Негізгі назар АИ-92 маркалы бензин мен дизель отынының бағасын реттеу мәселелеріне аударылды.

Нарық қатысушылары қолданыстағы баға шектеулері өндірістік, логистикалық және операциялық шығындардың өсуімен қатар барлық қатысушыларға қосымша жүктеме түсіріп, жалпы саланың тұрақтылығына кері әсер ететінін атап өтті.

Автор: admin