• 20 апреля, 2024 8:03 дп

«ЕҢБЕК» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША 80 МЫҢ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

Автор:admin

Ноя 19, 2021

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жыл басынан 80 315 адам жұмыспен қамтылып, 14,4 млрд. теңге бағытталды. Бағдарлама аясында мүгедектігі бар азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында 2 501 адам жұмысқа орналасты. Бұл жөнінде ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен «Мемлекет басшысының Жолдауы аясындағы өңірдің дамуы туралы» брифингте Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев мәлімдеді.

«Мүгедектігі бар азаматтарды оңалтудың техникалық құралдарымен және қызметтермен қамтуға 4,5 млрд. теңге қарастырылып, 80%-ға қамту жоспарлануда. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолжетімді орта құру үшін 2 868 нысанға бейімдеу жүргізілді. 14 мемлекеттік мекемеде 7 320 мұқтаж азаматтарға қызмет көрсетуде. Қосымша 200 орындық оңалту орталығының құрылысына 219 млн.теңге бөлінді. Нысан құрылысы келесі жылға өтпелі», –деді облыс әкімі.
Облыста «Жұмыспен қамту жол картасы» аясында 34,5 млрд. теңгеге 58 жоба іске асырылып, 2 мыңдай жұмыс орын құрылды. 2021 жылдың ІІ тоқсанына жұмыссыздық деңгейі 5,1% құрады. 41,5 мың отбасыға (229,5 мың адам) 11,2 млрд.теңгеге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды, оның ішінде еңбекке жарамды 47 мың адам жұмыспен қамтылды. Аз қамтылған отбасылардағы 1-6 жастағы 43,8 мың балаға 1,7 млрд.теңгеге кепілдендірілген әлеуметтік пакеттер берілді.

JSK ақпарат

Автор: admin