• 8 мая, 2025 5:13 пп

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙДЫ ЖАҚСАРТУ БАСТЫ НАЗАРДА

Автор:admin

Май 8, 2025

 

Шымкент қаласының Еңбекші ауданы 22 800 гектар аумақты алып жатыр, халық саны 228 830 адамды құрайды. Ауданның құрамында 18 тұрғын алап пен 11 шағынаудан бар. Бұл ауданның дамуы тек тұрғындардың әлеуметтік әл-ауқатын көтеріп қана қоймай, қала инфрақұрылымын жақсартуға да бағытталған.
Аудан аумағында 728 көше мен өткелдер, 3 саябақ, 8 гүлзар, 285 көпқабатты үй және 37 061 жеке тұрғын үй орналасқан. Аудан әкімдігі халықпен тұрақты қарым-қатынаста болып, олардың талап-тілектерін назарға ала отырып, көптеген инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруда.
2025 жылға дейін халықты сапалы ауыз сумен қамту деңгейін 100%-ға жеткізу жоспарланып, сол үшін Жастар көшесі мен «Қазығұрт» станция аумағында жаңа су жүйесі орнатылуда. Сонымен қатар, электр жүйелерін жаңарту жұмыстары да қолға алынған, оның ішінде трансформаторларды ауыстыру мен электр желілерін жаңарту жоспарлануда.
Қазіргі уақытта табиғи газбен қамтамасыз ету деңгейі 92,4%-ды құрайды, бұл көрсеткішті 2025 жылы толық қамтамасыз ету мақсатында жұмыстар жүргізілуде. Аудандағы 5 елдімекенге табиғи газ жүргізу жобалары аяқталу кезеңінде.
Жолдардың сапасын арттыру мақсатында 2025 жылы 72 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, аяқ жолдар мен жарықтандыру жүйелерін дамыту бойынша да жоспарлар бар. 2024 жылы 244 көшені жарықтандыру жұмыстары аяқталды, ал 2025 жылы 367 көшені жарықтандыру көзделуде.
Инфрақұрылым мен әлеуметтік жобаларды дамытудың барлық бағыттары тұрғындардың өмір сапасын арттыруға және ауданды көркейтуге бағытталған.

Автор: admin