• 28 апреля, 2024 10:09 пп

Еңбекші ауданында атқаралығна жұмыстар аз емес!

Автор:admin

Окт 11, 2023

Еңбекші ауданында 313 200-ден астам халық тұрады. Аудан бюджеті 2017 жылдан бері 11 есеге ұлғайып, 17,5 млрд теңгеден 78,5 млрд теңгеге өскен. Бұл туралы аудан әкімі Досбол Есілбек шаһар басшылығының тұрғындармен кезекті есепті кездесуі кезінде мәлімдеді. Негізгі қаржы көзі — ауыл шаруашылығы мен орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері боп табылады. Келесі жылы Еңбекші ауданының тұрғындары 100 пайыз таза тіршілік нәрімен қамтылады. Бүгінде 6 елді мекенге таза ауыз су тарту үшін құрылыс жұмысы қарқын алған. Халықпен кезекті есепті кездесуде аудан әкімі Досбол Есілбек атқарылған жұмысты баяндады. Сөзіне сенсек, биыл аудандағы 34 көшеге жарықтандыру жұмысы жүргізіліп жатыр. Қалғаны бес жылдық жоспарға сай кезеңімен іске асады. Айта кетейік, жарықтандыру жүргізетін уақытты күтпейміз деген тұрғындар өз қаржысынан электр бағанасын орната алады. Бұл жұмыс стандартқа сай жүргізілсе оның шығынын өтеу үшін қала балансына өткізуге мүмкіндік бар. Жиын барысында аудан әкімі осыған дейін халық тарапынан айтылған мәселелерді шешу жолдарына да тоқталды. Қазіргі таңда ауданда 3 өндірістік аймақ жұмыс істейді. Атап айтқанда, “Оңтүстік”, “Ордабасы” индустриалды және “Оңтүстік” экономикалық аймақтары бар. Ал жаңадан салынып жатқан “Жұлдыз” экономикалық аймағына инженерлік инфрақұрылым жұмыстары жүргізілуде. Аудан әкімі құрылыс жұмыстары толық аяқталған соң бұл жерден 60 ірі заманауи кәсіпорын ашу жоспарланғанын жеткізді. “Осының нәтижесінде 100 млрд теңге инвестиция тартылып, 3000 жұмыс орны ашылатын болады”-деді Досбол Есілбек. Ал қала әкімі шаһардың соңғы 9 айдағы әлеуметтік дамуынан хабардар етіп, алда атқарылатын шаруалардың бірпарасын айтып өтті. Басымдық берілген салалардың бірі — білім. Мектепке дейінгі мекемелерді салу бойынша мәселе алдағы 3 жылда шешімін табады. 577 нысан салынып, 3-6 аралығындағы балалар 100% балабақшамен қамтылатын болады. Үш ауысымдық мектептер саны азайды. Биыл бесеуінде мәселе шешіліп, төртеуі қалды. Бүгінде 242 525 оқушы 203 мемлекеттік мектепте білім алады. Биылдың өзінде 33 білім ошағы падалануға берілді. Осы және өзге де шешімін тапқан мәселелерді айтқан шаһар басшысы жиынға қатысқан 300 ден аса тұрғынның 42 сұрағына жауап беріп, әрбір азаматтың талап-тілегі ескерілетінін, күрделілігіне байланысты орта және ұзақ мерзімде қаралатынын жеткізді. Халықтан түскен сұрақтардың басым бөлігі тұрғын үймен қамту, жол, жарық, ауыз су, тағы да басқа әлеуметтік және жеке мәселелерге қатысты болды. Өз кезегінде аудан әкімі Есбол Досбол Еңбекшідегі 35 елді мекендегі жеке сектор мен көпқабатты үйлердің жылыту маусымына дайындығын, аулалар мен саябақтарды абаттандыру, көшелер мен жолдардың жөнделген тұстары мен көрсеткіштерін жайлы баяндады.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin