• 25 апреля, 2024 7:18 дп

ЕРЕКШЕ БАЛАЛАР ЕЛБАСЫҒА АРНАП ЕРЕКШЕ ШАРА ӨТКІЗДІ

Автор:admin

Ноя 26, 2021

«Nur Otan» партиясы «Сайрам-Өркениет» бастауыш партия ұйымы партияның «Кедергісіз келешек» жобасы аясында Тұңғыш Президент күні қарсаңында мерекелік іс-шара өткізді.
Ерекше оқытуды қажет ететін мектеп интернатының оқушылары Елбасыға арнап концерт көрсетті. Шараға «Nur Otan» партиясы Шымкент қаласы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанар Бектаева қатысып, жас өнерпаздарға өз қолдауын білдірді.
-Жалпы ерекше қамқорлықты қажет ететін балаларға арналған интернаттың өзінің соғылу тарихның өзі тұңғыш Президентпен байланысты. Яғни, Елбасының қамқорлығымен ашылған бұл интернат балларының сондай алғыс білдіре отырып бүгінгі іс-шараны ұйымдастырып, өздерінің ілтипатын, ықыласын, рақметін айтып өткізуі бойынша жақсы іс-шара өтті деп ойлаймын, — дейді Жанар Әлібекқызы.
Мүмкіндігі шектеулі балалар ән айтып, би билеп, сахналық қойылым арқылы өмірде мүмкін емес нәрсенің жоқ екенін дәлелдеді.
«Сайрам-Өркениет» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен өткен іс-шараға қалалық көмекші мектеп интернатының тәрбиеленушілерінен бөлек көзі нашар көретін балаларға арналған Үміт мектеп интернаты мен қалалық бірінші және екінші «Саңырау» мекеп интернатының оқушылары қатысты.
-Негізгі мақсатымыз Елбасының 30 жылда елге жасаған қызметтері жөнінде насихаттау әрі оқушылардың, Қазақстан азаматтарының патриоттық сезімдерін ояту мақсатында Нұр отан партиясы, Қаратау аудандық филиалының Сайрам өркениет бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен өтіп жатыр, — деді «Сайрам-Өркениет» бастауыш партия ұйымының төрайымы, Шымкент қалалық мәслихат депутаты Жадыра Танатарова.
Сонымен қатар, «Сайрам-Өркениет» бастауыш партия ұйымы атаулы дата қарсаңында челендж бастады. Челенджде Тұңғыш Президентпен жолығып, оның ықыласына бөленген, не болмаса алғыс алған қала тұрғындары өз әсерлерімен бөлісіп, әлеуметтік желіге жариялау керек.

JSK ақпарат

Автор: admin