• 16 мая, 2024 8:34 пп

ВЬЕТНАМ ИНВЕСТОРЛАРЫ ШЫМКЕНТКЕ ТҮРЛІ САЛАДА ЖОБАЛАРЫН ҰСЫНДЫ

Автор:admin

Июн 12, 2023

Вьетнам инвесторлары Шымкентте  бірқатар салада бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын. Шетелдіктер қала аумағындағы ескі көпқабатты тұрғын үйлерді жаңғырту, тараптар арасында сауда-саттықты дамыту, құрылыс материалдарын өндіру бойынша  бизнес жобаларын ұсынды. Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов Вьетнам инвесторларымен кездесіп, тараптар арасындағы ынтымақтастықты дамыту тетіктерін қарастырды. Соңғы жылдары Шымкент қаласы мен Вьетнам мемлекеті арасындағы сауда-экономикалық қатынастар нығайып келеді. Былтыр  тараптар арасындағы тауар айналым шамамен 1,7 млн. АҚШ долларына жетіп,  2018 жылмен салыстырғанда 13 есе артқан. Бүгінгі таңда мегаполис инвестициялық тартымдылық бойынша республикада алдыңғы орында. Былтыр қалаға 1,2 млрд инвестиция тартылған.  Шымкент-Вьетнам арасындағы ынтымақтастықты арттыру мақсатындағы кездесуде тараптардың мүмкіндіктері қарастырылып, инвестициялық жобалар талқыланды.  М.Дүйсенбекұлы жауаптыларға ұсынылған бастамаларды жіті зерделеп, инвесторлармен қолайлы жағдайда жұмыс жүргізуді тапсырды. Бүгінде елімізде қолайлы инвестициялық климат қалыптасты. Мәселен, соңғы 5 жыл ішінде Қазақстанға жыл сайын 20 млрд доллардан астам инвестиция тартылған. Жаһанды жайлаған пандемияға байланысты 2020 жылы тікелей шетелдік инвестиция (ТШИ) көлемі азайғанымен, 2021 жылы қайта қалпына келіп, 23,7 млрд долларды құраған. Ал өткен жылы ТШИ көлемі 27 млрд долларға жетіп, 17,8%-ға өсім көрсетті. Инвестициялық саясаттың жаңа тұжырымдамасына сәйкес, ТШИ көлемінің жыл сайынғы ағыны 2026 жылға қарай 25,5 млрд долларды құрауы тиіс. Қазіргі таңда елімізге инвестиция салатын елдер қатарында Нидерланд, АҚШ, Швейцария, Қытай, Бельгия, Ұлыбритания секілді экономикасы дамыған алпауыт мемлекеттер бар.

Jsk ақпарат

Автор: admin