• 19 апреля, 2024 9:19 пп

ВЕТЕРИНАРИЯ САЛАСЫНЫҢ МАМАНДАРЫ АДАЛДЫҚҚА ДӘРІПТЕЛДІ

Автор:admin

Авг 6, 2021

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бастамасымен «Ветеринариялық қызмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы МКК ұжымымен кездесу өтті.
Шараға Департамент басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаев, Ветеринариялық қызмет мекемесінің директоры Н.Зейнолла, қалалық ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі Қ.Анарбаев және «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ж.Қамбар қатысты.
Жиында барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағыттары бойынша атқарылып жатқан жұмыстар, жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту жөнінде қабылданған заңнамалық шаралар қатысушылардың назарына жеткізілді.
Одан бөлек, «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жұмысы таныстырылып, парасаттылық құндылылықтары сөз етілді.
Жиын соңында жемқорлық деңгейін төмендету бойынша бірқатар ұсыныстар тыңдалып, жемқорлықпен күрес шаралары барлық мемлекеттік мекеме басшысының қызметінде басым бағыттардың бірі болуы қажет екендігі ескертілді.

Jsk ақпарат

Автор: admin