• 9 мая, 2024 11:14 пп

Венчурлік бизнестің инновациялық дамуы

Автор:admin

Апр 21, 2024

Шағын инновациялық бизнесті көбінесе тәуекелдік және венчурлік деп атайды. Бұл шағын бизнестің инновациялық қызметтің өзінің ерекшеліктерінен басқа, сыртқы орта өзгеруінен жоғары тәуелдігімен сипатталады. Шағын бизнестің тәуекелділік деңгейін туралы орташа есеппен алғанда әрбір он венчурлік фирмалардың тек бір-екеуі ғана жетістікке жететін фактісі көрсетеді. Тағы да бір инновациялық жобалардың көңіл толтырмайтындығы: орташа алғанда жүзден тек екеуі ғана қаржыландырылады. Жоғары тәуекел сонымен қатар, оның жоғары компетенциясымен де жүргізіледі: инновациялық жобаларды енгізуден мүмкін пайда нормасы бұрынғыға қарағанда жоғары болуы мүмкін, инновациялық салаға және сәйкес шағын бизнестің өмір сүруіне мүмкіндік береді, басқа жағдайда болмас та болар еді. Сонымен қатар, инновациялық жобаның жүзеге аспау қаупі жоғары екенін есте сақтау қажет. Егер де осындай жобалар көп болып, олар салалық жоспарда жайғастырылса, заң бойынша тәуекел саны минизацияланады және инновациялық бизнестің жетістікке жету ықтималдылығы жоғарылайды. Сондай-ақ, сәтті инновациялық жобалардан түсетін пайданың жоғарлығы соншалықты, ол сәтсіз басталған барлық шығындардың орнын толтыра алады. Осыдан тәжірибе жүзінде дәлелденген инновациялық жобаларды орталықтандырумен және қаржылық тәуекелді диверсификациялау негізінде оларды енгізуді ұйымдастырумен айналысатын венчурлік қор деп аталатын тиімділікті қызмет ету дәлелдемесі шығады. Мұндай қорларда шетелде шағын инновациялық фирмаларды қаржыландыру үшін арналған капитал шоғырланады. Әр түрлі сипаттамаларды қорыта келе, инновация — өтімділігі жоғары жаңа өнімді ойлап табу деген ұғым туады. Бұл тұрғыдан алғанда ашылған жаңалықтың барлығы инновацияға жатпайтынын айтқан жөн. Өйткені, іргелі міндеттерді атқаруға негізделген, яғни осыған дейін белгісіз болып келген табиғат құбылыстарын ашу сияқты жаңалықтар ешқандай материалдық игіліктерді тарту етпейтіндіктен де, ол ғылыми ізденістердің жемісі ретінде ғана есептелінеді. Экономикалық қатынастар жүйесінен инновацияның алатын орны орасан зор. Себебі инновациялық тәжірибені өндіріске қолданбастан, бәсекеге қабілетті өнім алу мүмкін еместігін дамыған елдер ертерек түсініп, бар күшті осы салаға жұмсап келеді. Осыған байланысты нарықтық экономика кезеңіндегі бәсекелестік күресте инновация өнімінің өзіндік құнын азайту, инвестициялар ағынын арттыру, өнім өндірушінің имиджін қалыптастыру және жаңа нарықтарды, оның ішінде сыртқы нарықтарды бағындырудағы аса тиімді таптырмас құралға айналуда деп зерттеулер негізінде тұжырымдауға болады. ҚР инновациялық қызметті қаржыландырудың көздері ретінде кәсіпорындардың өз қаржысы, республикалық және жергілікті бюджет қаражаттары, инновациялық қорлар қаражаты, мемлекеттік гранттар және заңға қайшы емес қаржыландырудың басқа да түрлері жатады. Қаржыландыру инфрақұрылымы ретінде даму инситуттары, венчурлік қорлар, кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлер, екінші деңгейлі банктер және т.б. жатады.

 

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin