Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы 6506 әскери бөлімінің оқу пунктіне жаңа толықтырымкелгенде ерекше әрі сирек жағдай анықталды — 12 жас сарбаз бұрынғы сыныптастар болып шықты. Барлығы Алматы облысы, Жамбыл ауданы, ҮмбетәліКәрібаев атындағы орта мектепті бірге тәмамдап, қазір қатарласып қырағылыққа және әскери қызметке дайындалуда.
Бөлім басшылығының айтуынша, мұндай жағдай өте сирек кездеседі. Себебі, бір ауданнан бір әскери бөлімге түсу өз кезегінде үлкен кездейсоқтық.
— Біз бала кезімізден бірге өсіп келеміз. Әскергебаруды саналы түрде шештік. Ешкім қашқан жоқ, керісінше, баруға ынталы болдық. Бізді бір әскери бөлімге бөлгенде өзіміз де таң қалдық. Қазір бір команда сияқтымыз, — дейді қатардағы жауынгерРасул Саутов.
Қазіргі уақытта жігіттер оқу пунктінде бастапқы әскери дайындықтан өтіп, әскери қызметтің негіздерін меңгеруде. Командирлер олардың ұйымшылдығы мен бір-біріне көмек көрсетуін жоғары бағалайды.
— Біз Отанымызды қорғау үшін бірге тұрғанымызға мақтанамыз. Мұнда біз бір-бірімізді мектептегідей қолдаймыз. Осындай ұжданды бірлік әскери өмірге тезірек бейімделуге көмектеседі, — дейді қатардағы жауынгер Марат Бейбарыс.
Мұндай мысалдар сирек кездеседі, бірақ дәл осы оқиғалар патриотизм мен жауынгерлік бауырластықтың мектеп табалдырығынанбасталатынын айқын көрсетеді. Бүгінгі таңда осы жігіттер бірлік, өзара қолдау және Отанға адалдықтың лайықты үлгісі болып отыр.
Айта кетерлік жайт, бастапқы әскери даярлық курсы бір айға созылады. 2026 жылғы 24 қаңтарда мерзімді әскери қызметтегі жауынгерлер әскери ант қабылдайтын болады, одан кейін Шымкент қаласында қоғамдық тәртіпті сақтау бойыншақызметін атқаруды бастайды.
ҚР ІІМ Ұлттық ұланы «Оңтүстік» ӨңҚ баспасөзқызметі
