• 27 февраля, 2026 7:27 дп

Білім беру мекемелерінің жаңа оқу жылына дайындығы пысықталды

Автор:admin

Авг 22, 2024

Түркістан облыстық  мәслихатында өңірдегі білім беру  мекемелерінің жаңа оқу жылына дайындығы жөнінде арнайы отырыс өтті. Жиынды Түркістан облыстық  мәслихатының төрағасы Н.Әбішов жүргізіп отырды.

Жиынға облыс әкімінің орынбасарыБ.Тәжібаев, тиісті басқарма басшылары,облыстық мәслихат депутаттары М.Тұрысбеков, А.Салимов, Б.Байғараев, Ғ.Елшібай, Т.Қаржауов, И.Намазбаева, Ғ.Райымбеков, Б.Серманизов, Ж.Сүлейменов, Х.Әшірбеков,БАҚ өкілдері қатысты.

Мақсат – білім беру мекемелерінің жаңа  оқу жылына дайындығы мен осы саладағы өзекті мәселелердің орындалуын пысықтап, тиісті жұмыстарды ұйымдастыру. Сондай-ақ, атқарушы органдар мен мәслихат арасындағы байланысты одан әрі нығайтып, ел игілігіне бағытталған жұмыстарды бірлесе атқару болып табылады.

Сонымен қатар, мәслихаттың құзыретіне кіретін мәслихат шешімімен бекітілген жергілікті бюджеттің тиімді жұмсалуына бақылау жасауды іске асыру.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша облыстық білім, құрылыс, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармаларының басшылары баяндама жасады.

Түркістан облыстық  білім басқармасы басшының міндетін атқарушы Ж.Маханбетов өзбаяндамасында жаңа оқу жылына арналған жұмыстар легін таныстырып өтті. Ол облыста мемлекеттік 265 балабақша, 910 мектеп және 25 колледж жұмыс жасайтындығын, облыстағы мемлекеттік 910 мектептің 753-і типтік ғимаратта, 157-і ыңғайластырылған ғимаратта орналасқандығын және бүгінде өңірімізде 4 апатты және 5 үш ауысымды мектеп тіркелгендігін айта келе, осы мектептердің жаңа оқу жылына дайындығына  шолу жасады.

Жалпы, баяндамашыларға депутаттар сұрақтарын қойып, ұсыныстарын енгізді.

Өз кезегінде, жиынды қорытындылаған мәслихат төрағасы Н.Әбішов депутаттар  тарапынан айтылған барлық ұсыныстар хаттамаға енгізілетіндігін және олардың орындалуын қадағалау өз салалары бойынша облыстық мәслихаттың 3 тұрақты комиссиясына жүктелетіндігін айтты.

Сонымен қатар, жиында айтылған мәселелерді бірлесе ауызбіршілікпен жұмыс жасауға шақырды.

Автор: admin

Шымкентте аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу мәселесі талқыланды
МЕМЛЕКЕТТІК ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА АҚЫСЫЗ ОРТА БІЛІМ АЛУҒА КЕПІЛДІК БЕРІЛЕДІ
ӘР АДАМНЫҢ ЕҢБЕК ЕТУГЕ ЖӘНЕ КӘСІП ТҮРІН ЕРКІН ТАҢДАУҒА ҚҰҚЫҒЫ БАР Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әрбір азаматтың еңбек ету құқығы және қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдау мүмкіндігі нақты бекітілген. Бұл норма азаматтардың еңбек саласындағы негізгі құқықтарын қамтамасыз етуге және олардың кәсіби қызметін еркін жүзеге асыруына құқықтық негіз қалыптастырады. Ата Заңға сәйкес, әр адамның еңбек етуге, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауға құқығы бар. Бұл қағида азаматтардың өз қабілеті мен біліміне сәйкес мамандық таңдауына, еңбек қызметін жүзеге асыруына және өз еңбегі арқылы лайықты өмір сүруіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл норма еңбек еркіндігін қамтамасыз ету арқылы азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған. Конституцияда бекітілген еңбек ету құқығы қоғамның әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Ол азаматтардың экономикалық белсенділігін арттыруға, кәсіби дамуына жағдай жасауға және еңбек қатынастарының заң талаптарына сәйкес жүзеге асырылуына негіз болады. Осылайша, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әр адамның еңбек етуге және қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауға құқығының бекітілуі азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғаудың және олардың еркін еңбек етуіне жағдай жасаудың маңызды кепілі болып табылады.

You missed