• 20 апреля, 2024 1:49 пп

БИЫЛ 2400-ге ЖУЫҚ АЗАМАТ КӘСІПТІК ОҚЫТУ КУРСТАРЫНАН ӨТТІ

Автор:admin

Дек 5, 2022

Шымкент қаласы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту» орталығы еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды оқытуды 3 бағыт бойынша жүргізіп келеді.

Бірінші – жұмыс берушілердің сұратуы бойынша оқу ұйымдарында жұмыссыздарды кәсіптік оқыту. Жыл басынан 74 жұмыс берушіден, 29 мамандық бойынша өтінім қабылданып, 1632 адам кәсіптік дағдыларды игеріп жолдама алса, оның 1553-і оқуын аяқтап, жұмысқа орналасты. Атап айтсақ, дизайнер, автоэлектрик, кондитер, тігінші, визажист, аспаз және т.б. мамандықтар бойынша оқуларын тәмамдады.

Екінші — жұмыссызды жұмыс берушілердегі жұмыс орнында кәсіптік оқыту. Биыл қысқа мерзімді кәсіптік оқыту 32 мамандық бойынша жүргізілді. Оқудың ұзақтығы біліктілік пен дағдылардың ерекшеліктеріне қарай 3 (үш) ай мерзімге жалғасып, 760 азамат жолдама алып, 774-і оқуын аяқтап, тиісті куәлігін алды.

Үшінші – skills.enbek.kz онлайн кәсіби оқыту платформасы арқылы қазіргі таңда 1976 азамат оқуын аяқтады. Айта кетейік, мұнда талапкерлер 70% шекті деңгеймен тестілеу тапсырып, онлайн курсты сәтті аяқтап, дағдыларды игеру туралы сертификат алады. Бұл көрсеткіш жыл соңына дейін өсуі күтіледі.Жалпы аталған мүмкіндіктер арқылы жұмыссыз азаматтар, жаңа мамандықты игеріп, кәсіпорындар мен мекемелерге жұмысқа орналасуға зор мүмкіндік алуда.

Қала тұрғындары қысқа мерзімді кәсіптік оқытудан өту үшін, Шымкент қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына жүгіне алады. Бәйтереков көшесі №89 (Кәсіптік оқыту бөлімі — 8775-053-39-41)

Автор: admin