• 15 марта, 2026 6:07 дп

БЕЛСЕНДІ ОТБАСЫ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

Автор:admin

Мар 15, 2026

 

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы аумағында орналасқан №106 референдум учаскесіне дауыс алғашқылардың бірі болып ерлі-зайыпты Бахтияр және Хафиза Ишанқұловтар келіп, өз таңдауларын жасады.

Ел болашағына бейжай қарамайтын азаматтар референдум учаскесіне ерте келіп, азаматтық міндеттерін орындап, маңызды саяси науқанға белсенді қатысудың үлгісін көрсетті. Дауыс беру рәсімінен кейін учаске комиссиясы тарапынан оларға арнайы сый-сияпат табысталып, белсенділігіне алғыс білдірілді.

Мұндай құрмет көрсету тұрғындарды референдумға белсенді қатысуға ынталандырып, қоғамдағы азаматтық жауапкершіліктің маңызын айқындай түседі. Бахтияр және Хафиза Ишанқұловтардың өз таңдауларын жасап, дауыс беруі – елдің ертеңіне деген сенімнің, мемлекет дамуына бейжай қарамайтын азаматтық ұстанымның айқын көрінісі.

Жалпы, Әл-Фараби ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс беру үдерісі талапқа сай ұйымдастырылып, тұрғындардың өз таңдауларын жасауына барлық жағдай жасалған. Аудан тұрғындары маңызды шешім қабылдауға өз үлестерін қосуда.

Автор: admin