• 3 декабря, 2025 6:42 пп

Бейбарыс Қаблан — таеквондодан (WT) Әлем чемпионы

Автор:admin

Дек 3, 2025

 

Қазақстан спортшысы Бейбарыс Қаблан Кенияда өтіп жатқан таеквондодан (WT) 21 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Әлем чемпионы атанды.  Финалда ол Оңтүстік Корея спортшысы Ян Чжунёнді жеңді. 

Бұл — Бейбарыс Қабланның спорт мансабындағы ең үлкен жеңісі және Қазақстан таеквондо тарихында 21 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы алғашқы алтын. 

Бейбарыс Қаблан 87 келіден жоғары салмақ дәрежесінде қарсылас шақ келтірген жоқ. Әлем чемпионаты аясында Бейбарыс финалға дейін төрт кездесу өткізді. Іріктеу кезеңдерінде Үндістан, Түркия елінің спортшыларын, жартыай финалда Иран өкілі Ашрафи Амирмохаммадтан 2:1 есебімен басып түсті. 

Айта кетерлігі, таеквондодан 21 жасқа дейінгі жастар арасындағы Әлем чемпионаты 6 желтоқсанға дейін жалғасады. Әлем біріншілігіне барлығы 75 елден 500-ге жуық даянг шебері қатысуда. 

Қазақстандық таеквондо (WT) федерациясының баспасөз қызметі

Автор: admin