• 9 мая, 2024 1:44 пп

БАҚЫТТЫ БАЛДӘУРЕН: 198 МЫҢҒА ЖУЫҚ ОҚУШЫ ЛАГЕРЬЛЕРДЕ ДЕМАЛДЫ

Автор:admin

Июл 27, 2023

🔷 Шымкенттік оқушылардың жазғы демалысы қызықты өтуде. Каникул мерзімін тиімді өткізу үшін 237 жазғы сауықтыру лагері ұйымдастырылды. Сонымен қатар, маусым айында мектептер жанында ұйымдастырылған «Жасыл қала», “Шығармашылық”, “Спорттық-туристік”, “Интеллектуалдық” бағыттары бойынша іске қосылған лагерлерге 175 000 нан астам оқушы барды. Оның ішінде, білім қоры есебінен қала сыртындағы 15 лагерде 7 241 баланың 85 %-ы демалды. Қалған балалардың демалысын ұйымдастыру тамыз айының 15-не дейін жалғасады. Ата-аналар мен қоғам белсенділері тарапынан арнайы мониторинг тобы құрылып, лагерлердің жай-күйі зерделенді.

🔷 Шымкент қаласының білім басқармасымен бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес «Ақсу» лагерінде ауқымды форматта спорттық сайыстар ұйымдастырылды. 100-ден астам бала спорттың волейбол, шахмат, футбол, эстафеталық жүгіру, суға жүзу түрлерінен сайысқа түсті. Жеңімпаздарға дипломдар мен арнайы сыйлықтар табысталды.

Автор: admin