• 29 марта, 2024 3:45 пп

Бас прокуратурада үлестік құрылыс мәселелері талқыланды

Автор:admin

Апр 20, 2023

2023 жылғы 18 сәуір, Астана қаласы. Бас Прокурор Берік Асыловтың төрағалығымен үлестік құрылыстың проблемалық мәселелері бойынша ведомствоаралық кеңес өтті.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі, елорда әкімі, құрылыс істері комитетінің, «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС-ның төрағалары, өңірлердің прокурорлары және облыс әкімдерінің жетекшілік ететін орынбасарлары жұмысқа қатысты.

Берік Асылов әрбір отбасы өз баспанасын армандайтынын, сол үшін жылдар бойы пәтерге қаражат жинайтынын немесе несие рәсімдейтінін атап өтті.

Бұл ретте жосықсыз құрылыс салушылар азаматтарды төмен бағамен желіктіріп, оларды алдауда.

Нәтижесінде үлескерлер ақшасыз және қалаған «шаршы метрсіз» қалуда.

Бұл туралы ағымдағы жылдың басында Мемлекет басшысымен елорданы дамыту жөніндегі кеңесте айтылған болатын.

Президент сәулет және құрылыс саласындағы бақылауды күшейтудің, құрылыс компанияларының жауапкершілігін қатаңдатудың жаңа тәсілдерін көздеуді тапсырған.

Қадағалау органында соңғы екі жылда тергеу органдарымен 20 қылмыстық іс тіркеліп, 16 адам сотталғаны аталды. Олармен 30 млрд теңгеден астам шығын келтірілген.

300-ден астам компаниялар заңсыз алымдар үшін 250 млн теңге айыппұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Сонымен қатар қазір елімізде 44 үйді салып бітіру қалғаны айтылды. Олардың көпшілігі елордада – 16 және енді мемлекет есебінен қаржыландырылуда.

Бас Прокурор құрылыс салушылардың алдын ала, ниет, инвестициялар және т.б. шарттар арқылы заңды айнала өте азаматтардың қаражатын тарту бойынша заңсыз әрекеттеріне назар аударды.

Заң бойынша құрылыс салушылар үлескерлердің ақшасын екі жағдайда ғана тарта алады.

Біріншісі — Қазақстан тұрғын үй компаниясымен келісім-шарт болған кезде.

Екіншісі — әкімдіктің рұқсаты болған жағдайда.

Егер жобаға банк қатысса немесе үйдің қаңқасыболса, әкімдіктің рұқсаты беріледі. Сондай-ақ, жаңа заңда шарттың атауымен манипуляциялар жасау жағдайы алынып тасталды.

Сондықтан азаматтардың қаражатын тарту үшін құрылыс салушылар тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт жасасуы қажет.

Жалпы, кеңес жұмысында қатысушылар үлестік және тұрғын үй құрылысын қорғау саласындағы заңдылықтың жай-күйін талқылап, ұйымдастырушылық кемшіліктер мен барлық тәуекелдерді зерттеді.

Бас Прокурор Құрылыс істері комитетіне проблемалық тұрғын үйлердің бірыңғай реестрін оларды іске қосылуына дейін бақылау үшін әзірлеуді тапсырды.

Елордалық әкімдіктің алдына проблемалы үйлердің құрылысын ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау міндеті қойылды.

Өз кезегінде Индустрия министрлігіне құрылыс салушыларға қатысты мемлекеттік бақылауды күшейту қажет.

Кеңес соңында қадағалау ведомствосының басшысы қызметкерлер мен бақылаушы органдарға құрылыс компанияларының іс-әрекеттерін мұқият қадағалауды тапсырды. Егер бұзушылықтар анықталса, азаматтар зардап шекпеуі үшін тез әрекет етуді талап етті.

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Автор: admin