• 29 апреля, 2024 9:49 пп

Бастауыш кәсіподақ ұйымы — жергілікті жердегі қызметті ұйымдастырушы!

Автор:admin

Авг 26, 2023

Бастауыш кәсіподақ ұйымы – рухани және материалдық жағынан салмақты орны бар ұйым. Бастауыш кәсіподақ ұйымы — жергілікті жердегі қызметті ұйымдастырушы, қарапайым қызметкерлер мен жұмыскерлердің жанашыры, халық қызметшісі болғандықтан, мектептегі іс-шараларды ұйымдастыруға ат салысады. Кәсіподақ ұйымының жұмыс тәжірибесінде ұжымның рөлі ерекше.Әрбір кәсіподақ ұйымы мүшесінің жұмысы біз үшін қымбат, біз үшін құнды. Бастауыш кәсіподақ ұйымында 134 мүше: оның 98-і мұғалім, 36 кіші қызметкерлер бар . Бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмыс тәжірибесінде «Қарттар» күні, Ұстаздар күні, Қайырымдылық күні, Жаңа жыл, Алғыс айту күні, 8-наурыз мерекесі, Наурыз мерекесі, Отан қорғаушылар күні жоғарғы дәрежеде атап өткізіледі. Жыл сайын өтетін «Қайырымдылық» марафонында кәсіподақ ұйымы мүшелері түгел қатысады. Биылғы жылы «Жүректен-жүрекке» қайырымдылық марофонында 100000 теңге көлемінде қаражат жиналып, 10 оқушыға қаржылай көмек көрсетілді. Мектептің және ұжымның ұсыныстарына сәйкес өткен оқу жылы қорытындысы және мұғалімдер мерекесіне байланысты Алғыс хат пен аудандық білім беру қызметкерлері кәсіподағы ұйымы атынан марапатталды. Кәсіподақ ұйымының мүшелері және балаларына сауықтыру жұмысы ұйымдастырылды. Үш жылда ұйым мүшелерінен 11 адам және 4 бала сауықтыру мен демалыс орындарында демалды. Кәсіподақ ұйымы әлеуметтік әріптестікте жұмыс істейді. Кәсіподақ ұйымына еңбек заңдылықтарын сақтау, еңбек кауіпсіздігі және басқа да өзекті де әлеуметтік мәселелерді шешу жолдарын табу үшін көп ізденіс қажет. Ұйым халыққа қызмет көрсету орталығымен, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау инспекциясымен, құқықты қорғау инспекциясымен, жергілікті әкімшілікпен, денсаулықты сақтау қызметімен, санитарлы эпидемиялық станциясымен, әлеуметтік қамсыздандыру бөлімімен тығыз байланыста жұмыс жүргізеді. Бастауыш кәсіподақ ұйымының іс-қағазын жүргізуге 14 папка арналған Кәсіподақ ұйымының жұмыс тәжірибесінде ең қуатты құрал – бұл ұжымдық шарт. Әлеуметтік еңбек қатынастары мәселелерінің басым бөлігі ұжымдық шарттар арқылы реттеледі. Еңбек қатынастарына байланысты қарым – қатынастарды реттеп отыруда ұжымдық шарттың рөлі ерекше. Ұйымның жұмысын ақпараттандыру заман талабына сай ұйымдастырылған, жоспарланған жұмыстардың нәтижелерін әлеуметтік желілер, сайттар мен чат парақшаларына салынады. Ұйымның жұмысын жандандыруда ұйым мүшелерінің жағдайын сараптау мақсатында жаңа әдістерді қолданып, сауалнама, сұхбат алу, дөңгелек үстел, кофе-брейк ұйымдастырылды. Негізінен биылғы жыл жастар үшін ерекше жыл. Ұжымдағы жастармен жұмыс істеу барысында жас мамандардың тұрмыстық жағдайына көңіл бөлінді. Көтерме айлыққа құжаттар жинақталып, екі жас маман көтерме айлық алды. «Дипломмен ауылға», «7-20-25» тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасымен ақпараттандырылды. Ұйымның жастары облыстық туризмге қатысып, 200000 теңге көлемінде сертификат алды. Ардагерлермен жұмыс жүргізуде Жыл сайын ұйымда қарттар күні аталып өтіледі. Алғыс айту және қарттар күнінде зейнеткерлерге құрмет көрсетіледі. Ұйым тарапынан зейнет жасына келген осы ұйымның мүшелеріне марапаттаулар жасалды. Соңғы 3 жылда ұстаздық қызмет еткен және кіші қызметкерлер зейнет жасына толуына байланысты 8 адам зейнеткерлікке шықты. Оларға құрмет көрсетілді. Бастауыш кәсіподақ ұйымының аудандық байқауында «Үздік кәсіподақ ұйымының төрайымы» номинациясымен, Облыстық бастауыш кәсіподақ ұйымының Құрмет грамотасымен, Республикалық Бастауыш кәсіподақ ұйымдарының Облыстық форумында Құрмет грамотасымен марапатталдым. Облыстық «Ұстаз болғым келеді» атты шығарма байқауында 11-сынып оқушысы Тазабекова Арайлым 2-орын алып, ай сайын 30000 теңге сертификатын алды. Мектепте бастауыш кәсіподақ ұйымының демалыс бөлмесі заман талабына сай жабдықталған. Қорыта келе, адамның әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы жақсарған кезде адамның жұмыс қабілеті артып, ішкі уәж пайда болып, шығармашылық жұмысқа алып келеді. Сол мақсатта жұмыс істеудемін. Кәсіптік одақ (кәсіподақ) – өз мүшелерінің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделеріне өкілдік ету және оларды қорғау үшін Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбек, өндірістік-кәсіптік мүдделерінің ортақтығы негізінде ерікті түрде құрылатын, тіркелген мүшелігі бар қоғамдық бірлестік.

Кәсіподақ кемінде он адамнан тұратын, өздерінің кәсіптік және өндірістік мүдделерінің ортақтығымен байланысты, жарғы бекітілетін және кәсіподақ органдары қалыптастырылатын Құрылтай съезін (конференцияны, жиналысты) шақыратын Қазақстан Республикасы азаматтары тобының бастамасы бойынша құрылады.

Кәсіподақтар өндірістік-салалық қағидат бойынша олардың мүшелерінің тең құқылығы негізінде құрылады. Бір сала, ұйым шеңберінде құрылатын кәсіподақтардың санына шек қойылмайды. Барлық кәсіподақтарға тең құқықтық мүмкіндіктер беріледі.

Кәсіподақтар өз қызметінде барлық деңгейдегі мемлекеттік органдардан, саяси партиялардан, жұмыс берушілер мен олардың бірлестіктерінен тәуелсіз, олардың бақылауында болмайды және оларға есеп бермейді.

Кәсіподақтар «Кәсіптік одақтар туралы» ҚР Заңында айқындалған тәртіппен кәсіподақтар бірлестіктерін құра алады.

Республикалық кәсіподақтар бірлестігі-облыс, республикалық маңызы бар қала және астана деңгейіндегі салалық кәсіподақтардың, аумақтық кәсіподақтар бірлестіктерінің бірлестігі.

Аумақтық кәсіподақтар бірлестігі-аудан, қала, облыс, республикалық маңызы бар қала және астана деңгейіндегі кәсіподақтар бірлестігі.

Салалық кәсіподақ— ортақ еңбек, өндірістік-кәсіптік мүдделермен байланысты қызметтің бір саласы (Экономикалық қызметтің түрлері немесе кіші түрлері) және онымен сабақтас салалар қызметкерлерінің, жергілікті кәсіподақтардың бірлестігі.

Жергілікті кәсіподақ— ортақ еңбек, өндірістік-кәсіптік мүдделермен байланысты бір немесе бірнеше ұйым қызметкерлерінің ерікті бірлестігі.

Бастауыш кәсіподақ ұйымы-кәсіподақтың құрылымдық бөлімшесі, ол тікелей ұйымда орналасқан және осы ұйымның қызметкерлері болып табылатын кәсіподақ мүшелерінен тұрады.

 

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin