• 15 февраля, 2026 11:01 пп

БАДАМ ӨЗЕНІНІҢ ЖАҒАЛАУЫНДА ТАСҚЫН ҚАУПІ ЖОҚ

Автор:admin

Фев 15, 2026

 

Бадам өзенінің жағалауындағы жағдай тұрақты. Ешқандай тасқын қаупі жоқ.

Көктем мезгілінде су деңгейі жиі көтерілетін өзеннің тасқын қаупін азайту үшін өткен жылы 5,3 шақырым жағалау бекітіліп, желтоқсан айында толық аяқталған болатын. Бұл жұмысқа 2,7 миллиард теңге теңге бөлінген.

Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының мәліметінше, Игілік, Жаңаталап және Көкбұлақ елді мекендерінің тұсында өзен арнасы реттеліп, жағалауы бетондалған. Алайда белгісіз тұлғалар өзен арнасынан заңсыз тас қазып алып, гидротехникалық құрылысқа зиян келтірген.

— Заңсыз әрекеттер салдарынан бетон бөгеттің шамамен 40 метрі бүлінді. Қазір құқық қорғау органдары кінәлілерді анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр, — деді басқарма басшысы Әбілқайыр Оңғар.

Мамандардың айтуынша, зақымданған бөлігі мердігер компания есебінен қалпына келтіріледі. Жобаның кепілдік мерзімі 7 жылды құрайды.

Автор: admin