• 30 апреля, 2025 5:39 пп

Ақпараттандыру – мемлекеттік басқарудың ажырамас бөлігі

Автор:admin

Апр 30, 2025

29 сәуір 2025 жылы Шымкент қаласы әкімдігінің терроризмге қарсы комиссия аппаратының басшысы А.Келімбетовтің төрағалығымен терроризмге қарсы комиссиясы жұмыс тобының семинар мәжілісі өткізілді.  

Семинар мәжіліске терроризмге қарсы комиссиясы жұмыс тобының басшылары мен осы салаға жауапты қызметкерлер қатысты.

Терроризмге қарсы комиссия жұмысын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдар тарапынан ақпараттандыру мәселесіне үлкен көңіл аударылған.

Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссиясына арналған ақпараттық қажеттіліктер тізбесінің орындалуы тақырыбындағы мәселелер талқыланды.

Семинарда спикері ҚР ҰҚК-нің Шымкент қаласы бойынша департаменті ТҚО бөлімінің бастығы В.Марцинечкомен күн тәртібіндеге мәселелер тереңінен түсіндірілді.

Жиын қорытындысы бойынша, қала аумағында белгілі бизнесмен, спортшы, мәдениет және қоғам қайраткерлерімен тәжірибесімен бөлісу бойынша және басқа да хаттамалық шешімдер қабылданды.

Материал Шымкент қаласы бойынша Терроримзге қарсы комиссия аппаратының ақпараты негізінде және «Онтүстік» телеарнасының тілшісі Дүйсенбі Кенжеханның келісімімен дайындалды.

Автор: admin