• 25 апреля, 2024 2:17 дп

«АШЫҚ ЕСІК КҮНІ» АЯСЫНДА СТУДЕНТТЕР МЕН АТА-АНАЛАР ДЕПАРТАМЕНТТІҢ ЖҰМЫС БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Автор:admin

Апр 8, 2022

 

Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінде студенттер мен ата — аналардың қатысуымен «Ашық есік күні» шарасы ұйымдастырылды.

Мемлекеттік қызметке білікті кадрларды университет қабырғасынан даярлауға басымдық беруді көздейтін айтулы шараға Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ — Түрік университетінің «Заң», «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтарының студенттері мен Департамент қызметкерлерінің ата-аналары, балалары белсене қатысып, Агенттіктің негізгі миссиясы мен жемқорлықпен күрес жүргізетін құқық қорғау органының бүгінгі жұмыс барысымен танысты.

Өз кезегінде департаменттің құрылымдық басқармаларының басшылары Агенттіктің негізгі миссиясын, мемлекеттік қызметке түсу және бос әкімшілік лауазымдарға орналасу үшін конкурсқа қатысу тәртібін, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мен заңнама нормаларын және Әдеп кодексіне енгізілген жаңа талаптарды түсіндірді.

Шара соңында Превенция басқармасының басшысы Ержан Жүнісов мемлекет мүддесі мен ел игілігі жолында қызмет ететін жас мамандарға болашақта мемлекет тарапынан айрықша жауапкершілік жүктелетінін жеткізіп, студенттерге кәсіби біліктілігі жоғары маман болып қалыптасуға тілектестік білдірді.
Jsk ақпарат

Автор: admin