• 17 декабря, 2025 10:59 дп

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ КӨТЕРГЕН 60 МӘСЕЛЕ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Автор:admin

Ноя 24, 2025

Халық үніне құлақ асатын мемлекет қағидаты негізінде Ордабасы ауданы әкімі Азат Оралбаевтың ауыл округі тұрғындарымен өткізген кездесуінде көтерілген ұсыныс-пікірлердің орындалу барысына арналған мәжіліс өтті. Жиында тұрғындар тарапынан түскен 60 мәселе қаралды. Әрбір ұсынысқа қатысты қадамдық іс-шаралар жоспары әзірленіп, өтініштердің кезең-кезеңімен жүзеге асырылу жолдары жан-жақты талқыланды.

Аудан көлемінде тұрғындардың өтініштері жүйелі түрде тіркеліп, олардың шешілу жолдары нақты жоспарланып, бақылауда ұсталуда. Әрбір ұсынысқа қатысты жауапты бөлімдер нақты іс-шаралар жоспарын әзірлеп, кезең-кезеңімен іске асыруға кіріскен. Бұл тәсіл тұрғындардың талап-тілегін ескеріп, мемлекеттік органдардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

Мәжіліс барысында жауапты бөлім басшылары мен ауыл әкімдері көтерілген мәселелерді шешу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы есеп берді. Сонымен қатар, кейбір мәселелерді шешу үшін қосымша қаржы тарту, жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу және облыстық деңгейде қарау ұсыныстары айтылды.

Жиын қорытындысында аудан басшысы халықпен ашық диалогты жалғастыра отырып, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуын басты назарда ұстайтынын атап өтті. Сонымен қатар, ашық диалог пен кері байланысты қамтамасыз ету мақсатында тұрғындармен тұрақты кездесулер өткізіліп, олардың ұсыныстары тыңдалып, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған нақты шаралар жүзеге асырылуда. Бұл билік пен халық арасындағы сенімді нығайтып, қоғамдағы қатысу мәдениетін жетілдіреді.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin