• 18 апреля, 2024 8:25 пп

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК САЛА ӨКІЛДЕРІ — ШЫМКЕНТКЕ ІС-САПАРМЕН КЕЛДІ

Автор:admin

Ноя 6, 2022

Атырау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдері —  Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келді. Мақсат – Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасыныңның жұмыс методикасымен танысу, әлеуметтік мекемелердің жұмыс барысын көзбен көріп, жалпы тәжірибе алмасу.  Арнайы топ құрамында Атырау облысының 7 ауданының әлеуметтік сала жетекшілері бар. Батыс Қазақстандық әріптестер, бірінші — қаламыздың зейнеткерлеріне қызмет көрсететін «Белсенді ұзақ өмір» орталығында болды. Бүгінгі таңда 800-ге жуық ардагерлердің уақытын тиімді ұйымдастыруға үлес қосып отырған мекеменің жұмыс жасау методикасымен танысып, барысын көзбен көріп, қызмет алушылармен тілдесті.  Құралай Тлеумағамбетова – Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы:

-Бүгін сапар аясында «Белсенді ұзақ өмір» орталығының базасында болдық. Қариялардың белсенділігін арттыруда орны ерекше мекемені біз өз аймағымызда да ашуға ниеттіміз. Барлық заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген мекеменің жұмысы көңілімізден шықты.

-Түс ауа, арнайы топ өкілдері №4 балаларға арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына және «Бақытты жанұя» мен «Тең қоғам» мекемелеріне барды. Қос тарап, аймақтардағы халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік саладағы әдістемелер туралы өзара пікір алмасты.  Осы бағыттағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда Шымкент қаласы мен  Атырау облысы арасында өзара байланыс алдағы уақытта да, нығая бермек. Айта кетейік, Атырау облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жұмыс сапары апта бойы жалғасатын болады.  Соңғы жылдары бұған дейін жұмыссыз жүрген адамдарды жұмысқа орналастыру барысында айтарлықтай жетістік бар. Оортақ іске электронды еңбек биржасы да ат салысуда. Биржа базасы мемлекеттік және жекеменшік жұмыс орындарының толық ақпаратын, жұмыс берушілердің анықтамаларын және бос тұрған жұмыс орындарының басын біріктіріп, бір арнада тоғытып отырған септігі мол электрондық алаң. Қазір бұрынғыдай табаныңнан таусылып, жігерің құм болып іздеп жүрмейсің. Ынтаң болса, бос тұрған жұмыс орындары қолмен қойғандай көрсетіліп тұр. Айтпақшы, жыл басынан бері электронды еңбек биржасы арқылы 14 мыңнан астам адамның жұмысқа орналасқандығын айтсақ, тиімділігі тайға таңба басқандай көрінеді емес пе.  Бағдарламаның бірінші бағытын жүзеге асыруға бір миллиардқа жуық қаражат қарастырылып отыр. Өз ісін бастаймын дегендерге де оңтайлы-ақ. Шағын және орта бизнеске несие беру бағытында 738 адам қамтылып отыр. Ал, жұмыссыз жүргендерді жаңа кәсіпке бейімдеу үшін кәсіптік оқыту бойынша 1500 адам қамтылып, білім алған. Бұл жұмысты 25 кәсіптік білім беретін колледж атқаруда. Мемлекеттік бағдарламаның бірінші бағыты, яғни, техникалық және кәсіби білім берумен қамту бойынша үш мыңға жуық адам 60 мамандық және 122 біліктілік бойынша оқытылған.

Jsk ақпарат

Автор: admin