• 17 декабря, 2025 3:02 пп

АППАРАТ БАСШЫСЫ ЖИЫН ӨТКІЗДІ

Автор:admin

Ноя 24, 2025

Ордабасы  ауданының  әкімі аппаратының басшысы Жұманәлі Кәдиевтің  төрағалығымен арнайы жиын өтті. Жиынға аудан әкімі аппаратының қызметкерлері, дербес бөлім басшылары мен қызметкерлері, ауыл округінің әкімдері қатысты.

Жиында аудан әкімдігіне қарасты мемлекеттік қызметкерлердің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарының бірқатар баптарындағы тармақтарын орындау барысы пысықталып, осы баптар жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Атап айтқанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 13-бабына сәйкес, мемлекеттік қызметкерлердің  ақы төленетін өзге қызметпен және кәсіпкерлікпен айналысуға, оның ішінде кәсіпкерлік қызметті басқаруға құқығы жоқтығы, олар тек ақылы педагогикалық, ғылыми және өзге де шығармашылық жұмысты ғана қосымша атқаруы мүмкін екендігі ескертілді.

Сонымен қатар ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы За¬ңының №11 бабында қарастырылған мемлекеттік қызметкерлердің кірістері мен мүліктерінің міндетті  декларациялануының  маңызы жөнінде талқыланды.

Жиын барысында аппарат басшысы аталған заң тармақтарын жан-жақты түсіндірді. Өз кезегінде аудан әкімі аппаратының кадр бөлімінің басшысы Зулфия Сыздық мемлекеттік қызметкерлер арасында түсінбестік туындатқан осы заңдар аясындағы кейбір мәселелердің ара-жігін айқындап өтті.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin