• 9 мая, 2024 8:17 дп

“АЗИЯ ДАУЫСЫНДА” – “BLACK EYED PEAS

Автор:admin

Июл 30, 2023

Алматыдағы Медеу мұз айдынында Black Eyed Peas тобының мегажұлдыздарыАзиядауысы-2023″ фестивалін дүркіретті.

Фестиваль тарихында алғаш рет шақырылғанәлем жұлдыздарының толыққанды жеке концертіөтті. Ол zakazbiletov.kz жобасының директорыСәбит Сүлейменовтың арқасында мүмкін болды. Неліктен Black Eyed Peas? Олар Қазақстанғақалайша келді? Сәбит Сүлейменовтың айтуынша, Black Eyed Peas тобы қазір Еуропадағыгастрольде жүр. Егер олар Америкадаболғандаалып келу қиынға соғар еді. Азиядауысының уақытындаолар бос болды. АлматығаВенгриядан ұшып келді, енді Испанияға ұшыпкетеді.  

Қазіргі уақытта Black Eyed Peas тобы “Where is the Love?” хитінің 20 жылдығы және осы аттастоғызыншы альбомның шығуына орай Elevation әлемдік турнесін өткізуде. Біргеатап өту үшін тіріаңыз will.i.am топқа қайта қосылды. Ал J. Rey Soul Фергиді сәтті алмастырды.

Кешегі концертте кішігірім оқиға болдыДағыстаннан келген топтың жанкүйері сахнағаплакат ұстатып кіріп, музыканттар күзетшіге оныөткізуге рұқсат берді. Тіпті онымен бірге әнніңбір бөлігін орындады. Оныңқуанышында шекболмады! Стадион бақытты адам мен will.i.am әрекетін қатты қолдады. Бұл қазірдіңөзінде жанданған «Азия дауысы» туризмніңдамуына мықты әсер беруде. СебебіҚазақстанның әр қалаларынан және Ресей, Біріккен Араб Әмірліктері сияқты бірнешеелден жанкүйерлер Алматыға тек Black Eyed Peas үшін келді. Алматы бұрынсоңды мұндайкеремет шоуды көрген емес: Black Eyed Peas 2000-шы жылдардағы хиттерін орындағанкездекөрермендер түгел секіріп билеп кетті.

Бұл салтанатты кеш өте жақсы аяқталды. «Харекет» қоғамдық қоры «Азия дауысы» сахнасындақазақстандықтардың ақшасынасатып алынған пәтердіңкілтін мұқтаж отбасынатабыс етті! «Харекет» қоры 2017 жылы «1000 ТЕҢГЕГЕ БАСПАНА» жобасы аясындақұрылғанеді. Мұқтаж жандарға көмектесу үшін әркімбарболғаны мың теңге бере алады. Осылайшакөмекке қажеттісома жиналады. Құрылғалы беріқор отбасыларға 650-денастам үй сатып алса, кеше Айгүл Сарыбаеваның отбасыкілтін алды. Шаңырақтары бақытқа толы болсын! «Азиядауысы» әнмен ғана емес, игі істермен дебіріктіреді!

Бүгін, фестивальдің соңғы күнінде біз Аңыздардыескеаламыз! Баршаңызды Медеуде күтеміз!

Фестиваль демеушілік пен ақпараттыққолдаудыңарқасында мүмкін болғанын ескесаламыз! «Азия дауысы – 2023» фестивалініңбас серіктесі және тең ұйымдастырушысы – Halyk Bank. Оның сыйлықтары күнсайынМедеудегі ісшаралар кезінде ойнатылады жәнеоған барлығы қатыса алады!

 

30 шілдеде өтетін концертке билет сатыпалғандарфестивальдің тағы бір демеушісі – Allur Auto ұсынғанChevrolet Onix автокөлігін ұтып алумүмкіндігіне ие болды.

Алматы қаласының әкімдігі көрермендердің Медеуге оңай жетіп, қалаға жылдам оралуын қамтамасыз етті. Фестиваль кезінде қосымша автобус бағыты іске қосылды. Сәтбаев пен Байтұрсынов қиылысынан автобустар сағат 14:00-ден 24:00-ге дейін 10-15 минут аралықпен жүретін болады. Бір бағытқа жүру құны 150 теңге. Кеше концерттен қайтқан халықты автобустар тегін тасыды.

Ресми телеарна: Silk Way

Ресми газеттер: «Almaty aqshamy» мен«Вечерний Алматы»

Ақпараттық қолдау: «1 канал «Евразия», «НТК», MUZZONE TV, Business FM, RadioCitу, «Деловой Казахстан», «Қала мен дала», «Новое поколение», «Московский комсомолец», Forbes.kz, Zakon.kz, Caravan.kz, Kursiv.media, Nege.kz, Arbat.media, Informburo.kz, Baigenews.kz, Zhatpa.kz, Weproject.media, DALA INSIDE телеграмы, Түркітілдес журналистер қоры мен «Қазақстандық пресс-клуб».​​

Автор: admin