Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау аясында ел өңірлерінде өнеркәсіптік әлеуетті дамыту, көлік және тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту, сондай-ақ азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында әлеуметтік саланы дамыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Өткен аптада жаңа кәсіпорындар, көлік тораптары мен энергетика нысандары пайдалануға берілді, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Өнеркәсіп және өндіріс
Ақмола облысында инвестиция көлемі 7,4 млрд теңге болатын жаңа металлургиялық кешен іске қосылды. Реконструкцияланған өндірістік алаңда айына 2-ден 3 мың тоннаға дейін қорғасын құрамды шикізатты қайта өңдеу жолға қойылған. Жоба Мемлекет басшысының шикізаттық бағыттан терең өңдеуге және қосылған құны жоғары өнім шығаруға көшу жөніндегі тапсырмалары шеңберінде жүзеге асырылды.
