• 3 декабря, 2024 6:36 пп

ӨТЕГЕНОВ КӨШЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ 2023 ЖЫЛЫ АЯҚТАЛАДЫ

Автор:admin

Июн 2, 2022

Қала әкімі М.Әйтенов Өтегенов көшесі жалғасының жұмысын тексерді. Көшенің І кезеңі  Шымкент сити шағынауданынан Сырым батыр көшесі аралығын қамтиды. Жобаның жалпы ұзындығы 1,205 шақырым, ені 28 метр. Жолдың жүріс бөлігі 4 жолақты. Қазір жерді сәйкестендіру және қысымдау жұмыстары атқарылуда.

Өтегенов көшесі жалғасының ІІ кезеңі Сырым батыр көшесі мен Төлеметов көшелері аралығы қамтылған. Жалпы ұзындығы – 0,970 шақырым, ені – 23,5 метр. Екі кезеңің де құрылыс 2021 жылы басталып, 2023 жылы падалануға беру жоспарланған.

Аталған құрылыс жұмыстар толық аяқталғанда Бәйдібек би даңғылының қазіргі көлік жүктемесі едәуір жеңілдейді.  Қаладағы қайта жөндеу жұмысы жүріп жатқан жолдың бірі – Жангелдин көшесі. Бүгінде монтаждау жұмысы аяқталып, бірінші қабат асфальт төселініп жатыр және жөндеу жұмысы барысында ирригация жүйесі де қайта жөнделіп, жолдың жиектастары ауыстырылады. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары А.Тұрхановтың сөзінше, қаладағы жол құрылысының басым бөлігін осы жылдың тамыз айында аяқталады.

– Шымкент қаласында осы жылы 45 мердігер мекеме 414 шақырым жолды қайта құру және күрделі жөндеу жұмысын жүргізуді бастады. Құрылыс жұмысына 2300-ге жуық жұмысшы және 400 техника жұмылдырылған. Қаладағы ішкі орам көше құрылысының 80 пайызы тамыз айында аяқталса, негізгі орталық көшелердің құрылысы қазан және қараша айларында толығымен пайдалануға тапсыру жоспарланған. Сонымен қатар қаладағы автомобиль жолдарын қайта құру және орта дәрежедегі жөндеу жұмысына бюджеттен 27 млрд. теңге қаржы бөлініп, бүгінге дейін 9 млрд теңге қаржы игерілген. Жыл соңына дейін барлық қаржыны игеріліп, жол құрылысын аяқтауды жоспарлап отырмыз, – дейді. Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан көшенің ұзындығы 2 шақырымды құрайды. Жаяу жүргіншілер жолында мәрмәр тастан жасалған жаяу жүргіншілер жолы бар. Ол қыста төзімді әрі тайғақ емес, дейді мердігер. Сонымен қатар, жаңа орындықтар мен урналар орнатылды. Бүгінгі күні, құрылыс жұмыстарының 70% аяқталды. Күзгі маусымның соңына дейін нысан толығымен аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Осы бағыттағы жұмыстар биыл да жалғасын тауып, қалалық бюджеттен 301,6 млн. теңге бөлінген. Ал, орталық және шет аймақтардағы ұзындығы 7,7 шақырымды құрайтын 16 көшеге орташа жол жөндеу жұмыстарын жүргізуге мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланып, нәтижесі күтілуде.

Jsk ақпарат

Автор: admin