• Ср. Сен 28th, 2022

«Өнерім-өмірім менің» атты онлайн сұхбат өтті

Автор:admin

Окт 4, 2021

Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасының «Парасат жолы» орталығында ҚР мәдениет қайраткері, драматург, Ж.Шанин атындағы академиялық драма театрының әдебиет бөлімінің меңгерушісі Сая Қасымбекқызымен «Өнерім-өмірім менің» атты онлайн сұхбат өтті.
«Парасаттылық-адамдық бастаулардың көзі» деп пікір сабақтаған Сая Қасымбекпен болған сыр-сұхбат өте тағылымды, әсерлі болды. Әсіресе, биыл драматургия саласында «Жыл кітабы» таңдауына ие болған «Жанталас» пьесалар жинағы бойынша автор оқырмандарға жан-жақты мол мағлұматтар беріп, сонымен бірге бүгінгі қоғам, әдебиет, өнер әлеміндегі жеке шығармашылық ізденістері бойынша да жүректен шыққан ойлы пікірлерімен бөлісті.

Jsk ақпарат